Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 31 газет

20 сәуір 2024 ж.

№ 30 газет

16 сәуір 2024 ж.

№ 29 газет

13 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Жұлдыздар не дейді?

Жұлдыздар не дейді?

Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 18 шілдеге арналған жұлдыз-жорамалы. ТоқтыҰзақ жол сапар немесе табиғат аясында демалу жүйке жүйенің шаршағанын басады. Жұлдыздар романтикалық қарым-қатынастарыңызды және қызығушылықтарыңызбен айналысуға кеңес береді.
ТорпақЖаңа жұмыс бастауға, саяхаттауға өте қолайлы күн. Көптен қолға алуды ойластырып жүрген жоспарыңызды тездетіп іске асырыңыз. Оның әкелер табысы көп. Қайсыбір істі бастасаңызда алға басарына сеніңіз.
ЕгіздерЖаңа жобаларды енгізіп, іскерлік бастамаларды қолға алуға қолайлы күн. Бүгін сіздің бойыңыздағы талант өз деңгейінде бағаланатын болады. Сондай-ақ бұл күні автокөлік немесе заманауи техника алсаңыз таңдауда қателеспейтініңіз анық.
ШаянБүгін жағымды жаңалықтар күтесіз. Барлығы сіз ойлағандай болады. Сырт келбетіңізге мән беріңіз. Бүгін техникалық бұйымдар алмағаныңыз дұрыс. Себебі, саудаңыз сәтті шықпауы мүмкін.
АрыстанЕкінші жартыңыздың сізді қаншалықты жақсы көретіндігіне көз жеткізесіз. Бүгінгі күні театр немесе киноға барып бой сергітіңіз. Ал басы бос «тоқтылар» біреуді өзіне ғашық етеді. Жаңа таныстықтар ұзақ уақытқа жалғасады.
БикешБүгінгі күн ағзаңызды тазартуға, әсіресе асқорыту жүйесін қалыпқа келтіруге мүмкіндік туып тұр. Өміріңіз бір сарынды болмасын десеңіз, бүгін ұсақ-түйек жұмыстарды ғана істеңіз. Бұл жұмыстарды тез, әрі оңай жасай аласыз.
ТаразыАйналаңыздағы адамдар туралы пікіріңізді және өз көзқарастарыңызды өзгертудің қажеті жоқ. Түсініспеушіліктің салдарынан жұбыңызбен келіспей қалуыңыз мүмкін. Жалқаулығыңыз ұстап, қиялға да ерік бересіз.  
СарышаянБүгін өзіңізге демалыс жариялап, қызықты уақыт өткізесіз. Достарыңызбен кездесу ұйымдастырыңыз. Не болмаса театрға, мұражайға барыңыз. Бұдан сіздің көңіл-күйіңіз көтеріліп, күш-қуатыңыз қалыпқа келеді.
МергенБүгін қиын тапсырмалардың өзін оңай орындай аласыз. Бұл күні болашағыңыздың іргетасын қалайтын күн. Алға қойған жоспарлар жұмысқа да, отбасылық жағдайға да қатысты болмақ.
ТауешкіӘріптестермен бірлескен шаралар өткізуге және отырыс жасауға қолайлы күн. Күні бойы көңіл-күйіңіз көтеріңкі болады. Жағымсыз жаңалық жағдайды өзгертіп, жүйкеңізге тиюі мүмкін.
СуқұйғышБұл белгідегі нәзікжандарды бүгін біраз үйдің шаруасы шаршатады. Сонымен қатар отбасылық мәселелер де сізді алаңдатпай қоймайды. Аздап шығындалып қалуыңызда мүмкін.
БалықтарБүгін сәтті күн. Материалдық жағдайыңыз жақсарту үшін бар күшіңізді саласыз. Жұмысыңызда әлдекімге уәде берген болсаңыз, оны орындауға тырысыңыз. Әйтпесе, қиындық туындауы мүмкін. 





18 шілде 2019 ж. 479 0