Тіршілік тынысы Сырдария аудандық қоғамдық-саяси газет

Әлем

Күннен қуат алатын көлік

Күннен қуат алатын көлік

15 қыркүйек 2019 ж.
Даяшының орнына –  робот

Даяшының орнына – робот

15 қыркүйек 2019 ж.
Ең әдемі ару

Ең әдемі ару

13 қыркүйек 2019 ж.
Ешкі жұтқан жылан

Ешкі жұтқан жылан

04 қыркүйек 2019 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№71 газет

14 қыркүйек 2019 ж.

№70 газет

10 қыркүйек 2019 ж.

№ 69 газет

07 қыркүйек 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Сарысудың пайдасы көп

Сарысудың пайдасы көп

Сарысудың құрамында адам ағзасына пайдалы дәрумендер өте көп

Нұр-Мүбарак университетінің доценті, этнограф Досымбек Қатранұлы сарысудың денсаулыққа қандай пайдасы бар екенін, қазақ тұрмысында оның тағы басқа қандай мақсатта пайдаланғанын Sputnik Қазақстан тілшісіне айтып берді.

Досымбек Қатранұлының айтуынша, сарысу – сүттен ірімшікті ажыратып, бөліп алғаннан кейін қалатын қалдық өнім. Оның құрамында холин, биотин, В тобының, А, Е, С дәрумендері және кальций, магний кездеседі.

Сонымен қатар сарысу лактозадан тұрады. Ол артық майдың жиналуына жол бермейді әрі асқазан-ішек жолдарының жұмысын реттеуге септігін тигізеді.

"Қант глюкоза және лактоза деп бөлінеді. Адам денсаулығына ең пайдалысы сүттен алынған – лактоза. Ол ананың сүтінде және ешкінің сүтінде көп болады. Сонымен қатар сарысуда да бар. Оның құрамында адам организміне шипасын тигізетін витаминдер өте көп. Сарысу адам организмін тазалайды. Сондай-ақ ішті өткізетін қасиеті де бар", - дейді ғалым.

Этнограф сарысудың басқа да мақсаттарға пайдаланылатынын атап өтті.

"Шаш түсіп тоқтамаған кезде сарысу жағатын болған. Нәтижесінде шаштың түсуі тоқтап, оған өң кірген. Сондай-ақ сарысуды малдың терісін жұмсартуға, тері илеуге қолданған. Мұны экспедицияға шығып, халықтан жинаған мәліметтердің және тарихи деректердің негізінде айтып отырмын", - дейді Досымбек Қатранұлы.

Сондай-ақ ғалым ірімшіктің сарысуынан сірненің қалай алынатынын түсіндірді. Оның пікірінше, бұл сүт өнімінің адам организміне пайдасы зор.

"Ірімшікті жасаған кезде сарысу алынады ғой. Сарысуды сүзіп алады. Оны қазанға құйып көп қайнатады, әрі ондағы су буланады. Осы сәтте сарысу қоймалжыңдана бастайды. Кейін оны қазаннан түсіріп, қолмен алақанға алып сығады әрі кептіреді. Мұны "сірне" немесе "сүт сірне" деп атайды. Ол "ирис" кәмпитіне ұқсайды. Сондай-ақ бұл сүт өнімің адам ағзасына пайдасы зор. Оның құрамында лактоза көп болады", - деп түйіндеді сөзін этнограф.




06 қыркүйек 2019 ж. 107 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам