Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Азаматтық қоғамның беделін көтеру маңызды

Азаматтық қоғамның беделін көтеру маңызды

Мен президентіміз Қ.К.Тоқаевтың кезекті жолдауын басынан аяғына дейін ден қойып тыңдадым.
Маған ауыл жастарының және жылма жыл мектеп бітіретін жастардың жұмыссыздар қатарын толтыратыны оларды жұмыспен қамтып, белгілі бір кәсіпке қарай бағыттау керек деген пікірі қатты ұнады. Сонымен бірге әйелдерге, балаларға жасалатын зорлық-зомбылық, оны жасайтын қылмыскерлердің жазасын қаталдату деген пікірі өте дұрыс. Әсіресе жас буындарды ұрып-соғу, жыныстық қатынастарға итермелеу т.б. біздің заманымыздағы адам төзгісіз сұмдық жағдайлар. Бұлармен ел болып күресу керек деп ойлаймын.
Біз өзіміз Үкіметтік емес ұйым өкілі болғандықтан президенттің Азаматтық қоғамның беделін көтеру керек, олардың бүкіл белсенді жұмыстарын қолдау туралы айтқаны өте маңызды.

Ұлмекен Жаналиева
«Сырдария ауданының әйелдері» қоғамдық бірлестігінің төрайымы
Сырдария ауданының құрметті азаматы

04 қыркүйек 2019 ж. 376 0