Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚОРЫҚТЫҚ СУСЫНЫ ТУРАЛЫ БІЛЕСІЗ БЕ?

ҚОРЫҚТЫҚ СУСЫНЫ ТУРАЛЫ БІЛЕСІЗ БЕ?

Қазақта "Қорықтық ішкен қойшының қорасы болмас жақында" деген нақыл сөз бар. Бұл туралы baribar.kz айтады

Қорықтық – далада жүргенде не көшіп-қонған кезде мал сүтінен аз уақыт ішінде дайындалатын сусын түрі.

Оны жасау үшін әуелі малды өрісте жүрген жерінде сауып алатын болған. Содан кейін жерошақ қазып, оған даланың кішкентай жұмыр тастары әбден қыздырады. Қызып тұрған тастарды оттан шығарып желпіп, күлін түсіреді де, шелектегі сүтке бірнешеуін салып жібереді. Осылайша бірер минут ішінде қорықтық дайын болады.



Қорықтықты ыстықтай ішеді. Ол – жұғымды тағам, әрі шөлбасар.

Қазақ бір жылдың өзінде үш рет қоныс аударатын болған: жайлау, күзеу, қыстау. Жайлаудан күзеуге, күзеуден қыстауға, қыстаудан жайлауға қайта көшкен сайын қорықтық малшылардың ең жиі әзірлейтін тағамы болған.

Қорықтықты қыстыгүні де дайындайды.
29 тамыз 2019 ж. 1 050 0