Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ДҮНИЕДЕ ДОС ТАБУ ОҢАЙ МА?

ДҮНИЕДЕ ДОС ТАБУ ОҢАЙ МА?

Жігітке: 
– Дос табу оңай ма? – депті қарт. 
– Ата, дос табу ақылдыға оңай, ақымаққа қиын,   – депті жігіт. 
– Жоқ, балам, өмірде дос табу ақылдыға қиын, ақымаққа оңай. Ақылдының досы аз, қасы көп, ақымақтың досы көп болғанмен, жақсылыры жоқ. Жақсылығы жоқ достың қастығы аяқ астында жатады. Ақылды өзіне тең дос іздейді, ақымақ өзіне тең досты іздемей-ақ табады. 
Ecіңде болсын, досың ақылды болса, өзің дана боласың, досың бала болса, өзің шала боласың. Өмірде ақылды дос табу қиын, сүйікті жар табу қиын, жақсының көнілін табу қиын,   – депті қарт...

Ғаламтор көзінен алынды
18 тамыз 2019 ж. 1 395 0