Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№69 газет

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 газет

05 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

ОҢАЙ МЕН ҚИЫН

✅ 1. Өзгенің қателігін жазғырған ОҢАЙ, өз қателіктеріңді мойындау ҚИЫН. 

✅ 2. Өзгелерді сынаған ОҢАЙ, өзіңді жақсарту ҚИЫН. 

✅ 3. Өзгені кешірген ОҢАЙ, кешірім сұрау ҚИЫН. 

✅ 4. Ойланбай сөйлеген ОҢАЙ, тіліңді тартып қалу ҚИЫН. 

✅ 5. Әр түні армандаған ОҢАЙ, сол армандарды жүзеге асыру ҚИЫН. 

✅ 6. Жеңісті көрсеткен ОҢАЙ, жеңілгеніңді абыроймен көтеру ҚИЫН. 

✅ 7. Сүрініп құлаған ОҢАЙ, тұру ҚИЫН. 

✅ 8. Өмір сүрген ОҢАЙ, шынайы мәнін білу ҚИЫН. 

✅ 9. Қателескен ОҢАЙ, қателескеніңді білу ҚИЫН. 

✅ 10. "Жақсырақ боламын" деп ойлаған ОҢАЙ, оны ойлағанды қойып, іске асыру ҚИЫН. 

✅ 11. Өзгелер жайлы жаман ойлаған ОҢАЙ, оларды 80 сылтау, 70 желеу тауып, ақтап алу ҚИЫН. 

✅ 12. Алған ОҢАЙ, беру ҚИЫН. 

✅ 13. Үйлену ОҢАЙ, үй болу ҚИЫН. 

✅ 14. Бұларды оқу ОҢАЙ, амал ету ҚИЫН.
14 сәуір 2019 ж. 817 0