Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұлдыздар не дейді?

Жұлдыздар не дейді?

Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 4 тамызға арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты
Көлік алуға, жағымды жаңалық жасау немесе белсенділік танытатын күн. Көтеріңкі көңіл-күй мен белсенділігіңіздің арқасында аяқталмаған біраз шаруаны тындырасыз.

Торпақ
Тағдырға қарсы келемін деп әуре болмаңыз. Бүгін жолыңыз болмағанымен, келер күні барлығы сәтімен болар. Қарапайым қалпыңызды сақтаңыз. Әріптестеріңіздің қызғанышын тудырудан аулақ болыңыз.

Егіздер
Айналаңыздағылардың барлығы бірдей сіздің талғамыңызбен жүруі міндетті емес. Өзгелердің таңдауына түсіністікпен қараңыз. Әйтпесе, жаныңыздағыларды жоғалтып алуыңыз мүмкін немесе сізден көбісі теріс айналады.

Шаян
Ұнатқан жанға сөз салып, жүрегіңіздің иесін табатын күн. Шаңырақ құруды жоспарлап жүрсеңіз нағыз сөз байласатын уақыт. Бүгінгі күн қандай істі болмасын бастауға өте қолайлы сәт.

Арыстан
Жетістікке жетуге деген талпынысыңыз оң нәтижесін береді. Мықты маман ретінде сұранысқа ие боласыз. Достарыңызбен және сүйіктіңізбен қарым-қатынасыңыз жақсара түспек. Орын алып жатқан жағдайлар сізді көп алаңдатпайды.

Бикеш
Сырт келбетіңізге мән беріңіз. Мақсатқа жету үшін біраз қадамдарға барасыз. Бірақ ойларыңызбен, жоспарларыңызды құпияда ұстаңыз. Әсіресе, әріптестер мен достарға тіс жармаған дұрыс.

Таразы
Ойламаған жерден мол табысқа ие боласыз. Жылжымайтын мүлік немесе көлік аламын деп жүрсеңіз бүгін сол ойыңызды жүзеге асырыңыз. Денсаулығыңызға көп көңіл бөліңіз.

Сарышаян
Серіктестермен қарым-қатынаста абай болыңыз. Туындаған мәселелердің барлығын тез арада шешіп отырыңыз. Бастысы шешімді дұрыс шығара біліңіз. Еңбегіңіз ескерусіз қалмайды.

Мерген
Сізді бүгін тосынсыйлар мен сый-сияпаттар күтіп тұр. Есесіне өзіңіз де мол қаражатты жұмсап жібересіз. Бірақ алаңдамаңыз, жұмсалған ақша текке кетпейді. Келіссөз жүргізуде өзіңіздің қулығыңызды асырасыз.

Тауешкі
Істеріңіздің барлығы алға басады. Бұл қарсыластарыңыздың қызғанышын тудырады. Үлкен кісілермен және лауазымды тұлғалармен сөйлескенде абай болыңыз.

Суқұйғыш
Демалыс күніңізді жақсы өткізесіз. Бұл күні көбісі сізге қызыға қарайды. Әсіресе ерлер нәзікжандарға, ал нәзікжандар ер адамдарға жақсы көзқараста болады.

Балықтар
Өзгелер туралы пікіріңізді өзгертпеңіз. Жақын адамыңызбен қарым-қатынасыңыз алшақтап, түсініспеушіліктер орын алуы мүмкін. Қиялға ерік беріп, біраз уақытыңызды жоғалтып аласыз.

04 тамыз 2019 ж. 655 0