Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Кітапханаға жаңа әдебиеттер түсті

Кітапханаға жаңа әдебиеттер түсті

Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Танысыңыз, жаңа әдебиеттер» атты кітап көрмесін ұйымдастырылуда.
Көрмеге кітап қорына 2019 жылдың алты айлығында келіп түскен оқулықтар, көркем әдебиеттер, анықтамалықтар қойылды.
«Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша шығып жатқан Ю.Н.Хараридің «Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы», Стивен Р.Ковидің «Жасампаз жандардың 7 дағдысы», А.Барнардтың «Антропология тарихы мен теориясы», Э.Аронсонның «Көпке ұмтылған жалғыз: әлеуметтік психологиясына кіріспе», Д.Шульцтың «Қазіргі психология тарихы», Д.Бринкерхофтың «Әлеуметтану негіздері», Д.Ф.Куратконың «Кәсіпкерлік теория, процесс, практика», С.Г.Тер-Минасованың «Тіл және мәдениетаралық коммуникация», В.Фромкиннің «Тіл біліміне кіріспе»,К.Швабтың «Төртінші индустриялық революция», К.Армстронгтың «Иудаизм, христиандық пен исламдағы 4000 жылдық ізденіс: Құдайтану баяны», Л.Э.Пектің «Медиатека», Д.Джонстонтың «Философияның қысқаша тарихы» оқулықтары қойылды.
Бір ерекшелігі,  бұл кітаптардың барлығы да ағылшын тілінен қазақ тіліне аударылған.  Сондай-ақ, Ә.Бөкейханның екі тілде шыққан 15 томдық «Шығармалар жинағы», М.Ғабдулин еңбектерінің он бір томдық жинағы», Ж.Ерманның 5 томдық «Шығармалар жинағы», Е.Омарұлының «Үш томдық шығармалар жинағы», Т.Абайұлының, А.Мамытұлының, Қ.Басымұлының «Шығармалар жинақтары, зерттеулер мен мақалалар кітаптары, т.б.әдебиеттер қойылды.  Жыл басынан бері кітапхана қорына 1667 дана кітап келіп түсті. Кітапхана «Жеті жарғы», «Атамұра», «Елорда», «Фолиант», т.б. ірі отандық баспалармен тығыз байланыста жұмыс жүргізіп келеді. Кітапхана қоры әр саладан жалпы саны 122 дана кітаппен жаңарды.


kyzylorda-news.kz
02 тамыз 2019 ж. 990 0