Абайдың қара сөзін жатқа айтқан Қайрат Нұртастың әйелі жұртты сүйсіндірді (видео)
Әлеуметтік желіде Абайдың 175 жылдығына орай эстафета басталған енді. Бұл эстафетаның кезегі Қайрат Нұртас пен оның келіншегіне де жеткен екен. Алайда танымал жұп өзгелер секілді қара өлең оқымады, орнына Абайдың қара сөзін жатқа айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Жұлдыз Әбдікәрімова осы орайда балаларымен бірге видео түсірген.
«Дүниені үлкен көлге, заманды соққан желге теңеген дана Абайдың 175 жылдығына арналған игі бастаманы Қайрат Нұртастан қабылдап, сіздерге оныншы қара сөзінен үзінді ұсынып отырмын. Бұл эстафетаны әрі қарай танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызына жолдаймын», - деді ол.
Желі қолданушылары өз кезегінде актрисаның дауысы тамсанғанын жарыса жазды. Сондай-ақ, оған алдағы уақытта да осындай видеолар түсіріп тұруға ұсыныс жасалды.
«Жұлдыз сұлу ғана емес, ақылды, сыпайы, білімі бар жан, жан-жақты адам. Нағыз Қайраттың әйелі болуға лайықты жан. Әнші жар таңдауда жаңылмаған екен. Бақытты болыңдар» деп жазды желі қолданушыларының бірі.