Қазақстан ыстық десеңіз, мына қалаларға барып көріңіз

7. Африка... Аптап... Каир... Мысыр астанасында 20 миллион халық тұрады. Оның 2 миллиондайы ғана Нілден есетін салқын желден рахат ала алады. Қалғандары елдегі ыстық ауа райына төзіп өмір сүруге мәжбүр. Бұл қалада жаз айында ауа райы 48-49 градусқа дейін көтеріледі.
6. Феникс және Лас-Вегас. АҚШ Феникс жаз айындағы қарға миы қайнайтын ыстыққа қарамай АҚШ-тағы ірі қалалардың бірі. Өзіне жарасатын аспанмен таласқан ғимараттары бар. Бұл қалада жаңбыр сирек жауады, ауа райы 49-50 градусқа дейін ыстық болады. "Күнәлілер қаласы" атанып кеткен Лас-Вегастың ауа райы да дәл осындай.
5. Қасиетті Мекке қаласы Жергілікті тұрғындары 2 миллион бұл шаһарға жыл сайын зиярат етіп келушілердің саны 15 миллион. Өзі шағын болған аумақта соншалықты көп адам топталғаннан кейін ауа райы да ысып кететіні табиғи. Бұл жерде 40 градус орташа болып есептеледі. Ал жаз күндері Меккеде 50-51 градусқа дейін аптап ыстық болса ешкім таңғалмайды.
4. Мельбурн, Аустралия Мельбурнның өзіне тән қасиеті – бұл қалада жыл он екі ай ыстық болады. Оңтүстіктен соғатын аптап жел, жыл сайынғы орман өрті онсыз да ыстық қаладағы ауа райын 51 градусқа дейін көтеріп жібереді.
3. Гонконг пен Бангкок Көпшілік Гонконг пен Бангкокты шатастырады. Олардың бір-біріне ұқсайтын жақтары да бар. Мысалы, екеуі де Азияда орналасқан. Екеуіне де туристер көп барады. Бұдан бөлек, тағы бір ұқсас жағы – екі қалада да ауа райы тым жоғары. Күн ыстық! Бір кездері ағылшындардың қол астында болған Гонконг қаласы ҚХР құрамына кіргеннен кейін де өз тұрмыс тәрізін, сұлулығын жоғалтқан жоқ. Бірақ қала тұрғындарын климаттың өзгеруі қинайды. Бұл жердегі жоғары өндіріс зауыттары, ұзыннан ұзақ көлік кептелісі, адамдардың тым көптігі салдарынан жаз айында ауа температурасы 52 градусқа дейін жетеді.
Астанасы Бангкок қаласы болатын Тайланд саяхатшылар елі аталуымен мәлім. Бұл жерде туристерді құдайындай сыйлайды. Сонымен қатар Бангкок ірі өндіріс зауыттары бар қала болып та есептеледі. Бұл жерде ауа райы бірнеше рет 50 градустан жоғары болған. Тіпті кейде 53 градусқа дейін шыққан.
2. Мехикали, Мексика Мексиканың Мекихали қаласын "күн тұтқынындағы қала" деп бекерге атамайды. Теңіз деңгейінен 8 метр ғана биіктегі төбешіктерде орналасқан Жер бетіндегі миллионға жуық тұрғыны бар ірі қалалардың бірі. Бұл жерде ауа райы 54 градусқа дейін ысиды
1. Сан-Луис-Рио-Колорадо, Мексика 120 мыңға жуық халқы бар, Мексика сахараларында орналасқан аталған қаланы көпшілік біле бермейді. Бұл қала абсалютті ыстық тіркелген "Өлім аңғарына" жақын орналасқан. Солтүстік Африка, Сауд Арабиясы, Ирак сынды елдермен бір белдеуде орналасқан қалада тіршілік қыз-қыз қайнауда, тіпті жыл сайын туристер де келеді. Бұл жерде ауа райының ең жоғарғы көрсеткіші 55,5-56,5 градус.