Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 70 газет

16 қыркүйек 2025 ж.

№ 69 газет

13 қыркүйек 2025 ж.

№ 68 газет

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » ЖЫЛДА ЖАҚСЫ НӘТИЖЕ КӨРСЕТЕДІ

ЖЫЛДА ЖАҚСЫ НӘТИЖЕ КӨРСЕТЕДІ



«Ақжарма-2» ШҚ – аудандағы озат шаруашылықтың бірі. Мұнда жыл сайын басты дақыл – күріш өсіріп, өндіруден жақсы нәтижеге қол жеткізіліп келеді. Мұның барлығы – көктемгі кезде агротехникалық шараларды талапқа сай жүргізіп, танапқа сапалы тұқым сіңіріп, жаз бойы үстеп қоректендіруді жүйелі атқарып, күтіп-баптауды пәрменді жүргізудің нәтижесі. Биылғы жылы шаруашылық 1000 гектар алқапқа күріш екті. Оның барлығы да өнімді «Лидер» сорты. Егінмен қатар, мал шаруашылығы да дамып келеді. Бағымда 280 бас ірі қара болса, оның 93-і аналық сиыр. Мал шаруашылық өнімдері ішкі қажеттілікке жаратылып, әлеуметтік салаға да беріледі.
Күннің аптап ыстығына қарамастан егіншілер мен малшылар қауымы өздеріне бекітілген учаскеде екпінді еңбек етуде.

Ш.БАЛТАБАЙҰЛЫ
16 шілде 2019 ж. 673 0