Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұлдыздар не дейді?

Жұлдыздар не дейді?

Тоқты
Бүгін өте белсендісіз. Ортада шешендік танытып, барлық жанды өзіңізге қарататын боласыз. Әсіресе нәзікжандардың бүгін жолы болады. Өз мүмкіндігіңізді дұрыс пайдалана біліңіз. Ешкімнің өзіңізді алдауына жол бермеңіз.

Торпақ
Бүгін көп шығындалып қаласыз. Барлық жағдай сіз ойлағандай болмайды. Бұл әрине, сіздің жүйкеңізге тиетін болады. Жұлдыздар кикілжіңдерден, бәстесуден аулақ болу қажеттігін ескертеді. «Сақтансаң, сақтайды» дегенді естен шығармаңыз.

Егіздер
Болмашыға бола жүйкеңізді жұқартасыз. Әсіресе, сізге отбасына және жақын жандарыңызға қатысты мәселелер сабырыңызды тауысады. Түстен кейінгі уақытта маңызды шаруаны қолға аласыз.  

Шаян
Бүгінгі күн жеке және отбасылық қарым-қатынасты жақсартуға оң әсерін тигізеді. Бұл белгідегі нәзікжандар көптің ықыласына бөленеді. Жаңа таныстықтар орын алуы да ғажап емес.

Арыстан
Бүгін сіз кеңпейілдісіз. Сонымен қатар бүгін отбасынчдағы кейбір түсініспеушіліктердің алдын алып, мәселені дер кезінде шешетін боласыз. Сондықтан жақындарыңыз сізбен пікірлескенді қалайтын болады.

Бикеш
Күтпеген тосынсыйларға тап боласыз. Бірақ олар сіздің көңіліңізден шықпау мүмкін. Жол сапар кезінде тосын жайттарға тап боласыз немесе жұмыста  қиындықтар туындайды. Өте сақ болыңыз

Таразы
Жаңа технологияларға қызығушылығыңыз артып, жаңашылдыққа бет бұрасыз. Сонымен қатар бүгін материалдық жағдайыңыз жақсарып, қалтаңыз қалыңдайды. Ойыңызға мықты идеялар келіп, оны жүзеге асыру жолдарын қарастырасыз.

Сарышаян
Аға буын немесе өзіңізден кейінгілермен келіспей қалуыңыз мүмкін. «Ауырдың үстімен, жеңілдің астымен» жүретін, жеңіл ойлайтын жандармен тіл табысу қиын. Сабырлы болыңыз, ашуға берілмеңіз

Мерген
Бойыңыздағы энергия мен күш-қуатыңызды сақтаңыз. Өзіңізді шығармашылық бағытта сынап көріңіз. Сурет салыңыз, шығарма жазыңыз. Осы арқылы сіз өз жолыңызды тауып, кейін қаржылық жағдайыңызды жақсартатын боласыз.

Тауешкі
Достармен бас қосуға, олармен әңгіме-дүкен құруға қолайлы күн. Жаңа таныстар тауып, оның арты достыққа ұласуы мүмкін. Сонымен қатар бүгінгі күн болашаққа жоспар құруға да ыңғайлы. Көлік жүргізуді үйреніңіз.

Суқұйғыш
Бүгін көңіл-күйіңіз жоқ. Эмоцияға беріліп, жүйкеңіз сыр береді. Жүрегіңізге де тыныштық жоқ. Арасында шаншып, жаныңызға батуы мүмкін. Қанша ашулы болсаңыз да балаларға дауыс көтермеңіз. Денсаулығыңызды күтіңіз.

Балықтар
Күніңіз тыныш басталады. Алайда ол ұзақа созылмайды. Кез келген уақытта тыныштығыңыз бұзылып, қиын тапсырмалар келіп түсуі мүмкін. Қандай қиындық туындаса да үлкендерден немесе тәжірибелі мамандардан ақыл-кеңес сұраңыз.

kyzylorda-news.kz
10 маусым 2019 ж. 778 0