Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұлдыздар не дейді?

Жұлдыздар не дейді?

Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 19 мамырға арналған жұлдыз-жорамалы. 
Тоқты
Өміріңізде елеулі өзгерістер орын алуы мүмкін. Бір жаңа бастаманы қолға алып, маңызды қадам жасайсыз. Майда-шүйде жұмыстардың өзіне жауапкершілікпен қарайтындығыңыз өзгелерге ұнайды. Олар сізге жақсы ұсыныстарымен шығуы мүмкін.

Торпақ
Сіз өте сенгішсіз. Тіпті шындыққа жанаспайтын ақпаратқа да сеніп қаласыз. Дұшпандарыңыз осы осал тұсыңызды біліп, аяқтан шалуы мүмкін. Сондықтан аңғарымпаз болыңыз, ұсақ-түйекке де мән беріп қараңыз.

Егіздер
Күнніңіз сәтті басталмақ. Өзге адамдардың азғыруларына ермей, өз ұстанымдарыңызды сақтай аласыз. Бұл өз кезегінде қателіктердің алдын алып, жұмыстағы қиын мәселелердің жауабын табуға көмектеседі.

Шаян
Жоспарларды талдап-таразылап алыңыз. Сонда ғана күніңіз сәтті өтеді. Уақытты босқа өткізбей, өмірлік ұстанымдарыңызбен айналысыңыз. Алға қойған мақсаттарыңызға жетесіз немесе қиын да, жауапкершілігі жоғары істі аяқтайсыз.

Арыстан
Мазасыз күн. Үнемі асығыс жүріп, кейбір шаруаларды шатастырып алуыңыз мүмкін. Жақындарыңыздан ақыл-кеңес сұраңыз, олардың пікірін тыңдаңыз. Сонда ғана көптеген қателіктердің алдын аласыз.

Бикеш
Жұмыс жасауға өте ыңғайлы күн. Жаңашылдыққа тез үйренесіз. Жаңадан алған біліміңізді тәжірибе жүзінде пайдалана аласыз. Сонымен қатар бұл күні өзгелердің өмірі сізге сабақ болады. Дегенмен жағымсыз ойларды ойлаудан аулақ болыңыз.

Таразы
Сіз барлық нәрседен кемшілік іздейсіз. Бұл ісіңіз жақындарыңызға ұнамайтыны анық. Сондықтан сіз олармен келіспей қалуыңыз мүмкін. Ұрыс-керістен өзіңізді алшақ ұстаңыз. Өзіңізді жақсы көретін жандармен шынайы қарым-қатынас жасаңыз.

Сарышаян
Сіз адамдарды бағалай білесіз. Сонымен қатар жақындарыңызды қуантуға асығасыз. Ішкі түйсіктің көмегіне жүгініп, барлық жұмысыңыз алға басады. Бүгінгі күн үйге жиһаз алуға қолайлы. Таңдауыңызға өкінбейтін боласыз.

Мерген
Өте керемет күн. Бүгінгі күн қаржылық мәселені бірыңғайлауға таптырмас уақыт. Ақшаны босқа шашпайсыз. Басы бос жандар өмірлік серігін тауып, сол жанмен басқосуға шешім қабылдайды. Ең бастысы өз мүмкіндігіңізді жіберіп алмаңыз.

Тауешкі
Кедергілер мен қиындықтарға мойынсұнбаңыз. Өзіңізге сеніңіз. Сонда ғана барлығын жеңіп шығасыз. Бүгін сізді қызықты кездесулер күтіп тұр. Шешім қабылдап, кез келген іске пікір білдіріп үйреніңіз. Өз ойыңызды ашық айтудан қорықпаңыз.

Суқұйғыш
Бүгін сіздің жұмысыңыз жемісті болмақ. Өзіңізге деген сенімділігіңіз артады. Көңіліңізде ешқандай алаңдаушылық немесе қорқыныш жоқ. Сізді бүгін тосынсыйлар күтіп тұр.

Балықтар
Бүгін сізге көмек беретін жан табылмайды. Сондықтан барлық жұмысты өзіңіз орындауға тура келеді. Біраз шығынға да ұшырайсыз. Түстен кейін отбасылық мереке ұйымдастыруға болады. Сонымен қатар туыстарыңызбен әңгіме-дүкен құрыңыз.



19 мамыр 2019 ж. 765 0