Жұлдыздар не дейді?
Кездесу ұйымдастыруға қолайлы күн. Серіктес болуға ұсыныс жасайтындар бар. Бұрын бағаланбаған талантыңызға бас иетін жандар табылады. Кешке қарай жақсы жаңалық күтіп тұр.
Торпақ
Іске қатысты келіссөздерде сақ болыңыз. Артық әңгіме айту немесе ортада өзіңізді дұрыс ұстамау қиындық туғызады. Табысқа жетуді көздесеңіз, жауапкершілікті мойныңызға алып үйреніңіз.
Егіздер
Ұсақ-түйек сәтсіздіктер көңіл-күйіңізді түсірмесін. Бұл мәселелер өміріңде маңызды рөл атқармайды және тез ұмтылады. Ал бұл күні жеткен жетістіктеріңізге барынша қуануға болады. Сіз адамдармен тез тіл табысасыз.
Шаян
Бір сөзді болыңыз. Көп сөйлеп немесе көп уәде беріп өзіңізге қиындық тудырып алмаңыз. Ықпалды адамдармен танысасыз. Осыдан кейін сіздің қызметіңіз жоғарылайтын болады.
Арыстан
Жаңа бастамаларды қолға алуға қолайлы күн. Шығармашылық ізденісті қажет ететін бағытта жолыңыз болады. Біраз уақытта бері мазаңызды қашырып жүрген отбасылық мәселелерді шешетін боласыз.
Бикеш
Бір уақытта бірнеше тапсырманы орындауға тура келеді. Бұл әрине қиындық туғызатыны белгілі. Дегенмен сіздің қолыңыздан келетіні анық. Түстен кейінгі уақытта жетістіктің «ауылы» жақын екенін байқайтын боласыз.
Таразы
Сақ болыңыз. Ойланбай қабылдаған шешіміңіз опық жегізуі мүмкін. әсіресе жұмыс барысында барлығына мұқият болыңыз. Ақшаға қатысты ешқандай шешім шығармаңыз. Сондай-ақ қомақты түрде сауда жасамағаныңыз жөн.
Сарышаян
Елдің назарын өзіңізге аудармаңыз. Өзіңіздің жоспарларыңыз туралы тіс жармаңыз. Сондай-ақ жеткен жетістіктеріңізді айтып мақтанбаңыз. Ешкімнің көзіне түспей жұмыс жасасаңыз, нәтижесі зор болмақ.
Мерген
Ерінбей еңбектеніңіз. Жұмыстан бас алмайтындар, әсіресе ұсақ шаруалармен айналысқан жандар мол табысқа кенелмек. Несие алмаңыз, сондай-ақ ешкімнен қарыз да алмаңыз.
Тауешкі
Аздап шығындалып қалуыңыз мүмкін. Бірақ дер кезінде өзіңізді тоқтатасыз. Достарыңыздың ақыл-кеңесіне құлақ түріңіз. Сонда ғана көп қателіктің алдын алатын боласыз.
Суқұйғыш
Көп уақытыңызды өзіңіз жақсы көретін және сыйлайтын жандармен өткізіңіз. Олармен өткен әрбір уақытыңыз сіздің дұрыс бағытқа түсуіңізге көмектеседі. Сіз олардың эмоционалды қолдауына ие боласыз.
Балықтар
Өз жұмыстарыңызды ысырып қойып, өзгелердің шаруасымен айналысасыз. Ескі таныстарыңыз жақсы кеңес береді. Олардың кеңесін пайдалана отырып іс-әрекет етсеңіз еш өкінбейсіз. Түстен кейінгі уақытыңызды отбасыңызға арнаңыз.
kyzylorda-news.kz