Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » СӨЙЛЕ ТАЛҚАНЫМ, СӨЙЛЕ

СӨЙЛЕ ТАЛҚАНЫМ, СӨЙЛЕ

Кешегі өткен заманда Ақмешіт маңына жақын бір елді-мекендегі тұратын ақсақал, азамат болған баласын Ақмешіт базарына үйге қажетті заттарды әкелуге жұмсаса керек. Қыс мезгілі. Жігіт базардан қажетті заттарын алып, кешке қарай үйіне келгенде әкесі баласынан базар қалай екен, қажетіңді алып келдің бе десе, баласы бұртиып, әке сұрағына жауап бермепті. Әке балаға сыншы деген кемпіріне дауыстап белгі берсе керек, шешесі баласының алдына үлкен ыдысқа айранға шаланған талқанмен жаңа піскен бір таба нанды қояды. Әрі тоңып, қарны ашып келген жігіт, алдына қойылған асты қомағайлана жартысына дейін ішіп, тояттанғасын жігіт, әкесіне қарап, көке базарда олай болды, былай болды деп көрген-білгенін айта бастағанда әкесі, «Сөйле талқаным, сөйле» деген екен.
Ж.МАХАНБЕТ,
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
25 мамыр 2019 ж. 1 115 0