Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » "Белгі болар": Жүзік тауып алған балықшы күтпеген жерден сүйіктісіне ұсыныс жасай салды

"Белгі болар": Жүзік тауып алған балықшы күтпеген жерден сүйіктісіне ұсыныс жасай салды


Қызына есте қаларлық ұсыныс жасау үшін жігіттер барлық қадамға дайын. Шампан стақанындағы, тәттінің ішіндегі сақина, сыйлыққа толы карзина, тағы басқалары. Бірақ 50 жастағы англиялық Кристофер Эггингтонға ұсыныс жасауды жоспарлаудың да  қажеті болмаған. 
Кристофер және оның 48 жастағы құрбысы Сандра Бидгуд демалу үшін өзенге барып, балық ауламақ болған. Жаңа құралдарды алып келген Крис өзенге қармақ салып, спорттық қызығушылығы үшін балық аулаған ол олжасының барлығын қайта өзенге жіберген. Кешке қармақты Сандраға берген балықшы сүйіктісінің таңқалған дауысын естіген. Сөйтсе, балықтың бірінде неке сақинасы болыпты.
"Мен сақинаны балыққа әдейі салған жоқпын. Алайда, үйленуге ұсыныс жасауды көптен бері ойға алып жүрген едім. Қабыршақты досымның белгі беруін күткен сияқтымын", - дейді Крис.
Крис пен Сандра бес жыл бойы кездесіп жүрген. Крис ұсыныс жасауға қолайлы уақыт күткен көрінеді. Демалыстан кейін ол сүйіктісіне сақина алып беремін деп жоспарлаған. Алайда, Кристің орнына оны балық жасап үлгеріпті. Сандра балықшының ұсынысына бірден келіскен. Өйткені балықшы күйеуіңнің балықтан сақина сыйлауынан өткен бақыт жоқ шығар.

12 мамыр 2019 ж. 1 481 0