Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

№90 газет

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » ҚАРТ ЖАУЫНГЕР ТІЛЕГІ

ҚАРТ ЖАУЫНГЕР ТІЛЕГІ


Бетті аймалап берекелі жел жібек,
Бар дүние тұрғандай нақ елжіреп.
Өткен күнді еске салып тұр әне
Жеңіс туы төбемізде желбіреп.

Таусылмаған, дәм бұйырған тіршілік,
Қарсы алдынан алаулаған күн шығып.
Ескерткіш боп қалған көне суретке
Қарт жауынгер қарайды кеп күрсініп.

Зеңбіректің даусы көміп даланы,
Жер мен жексен етіп сәнді қаланы.
Берлин жақта қалған досын еске алып,
Қарт жауынгер көзіне жас алады.

74 жыл жоғалды іздер үрейлі,
Енді бүгін жүректе ән түнейді.
Ұрпағының амандығын қарт ойлап,
Жер бетіне тек тыныштық тілейді.

Зуылдап оқ, балқымасын қорғасын,
Жерге ешкім тастамасын бомбасын.
Жеңіс туы төбемізде желбіреп,
Енді қайтіп «соғыс» деген болмасын!

Мүсілім ҚАЛМҰРАТҰЛЫ,
Қазақстан Журналистер
одағының мүшесі
09 мамыр 2019 ж. 599 0