Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 70 газет

16 қыркүйек 2025 ж.

№ 69 газет

13 қыркүйек 2025 ж.

№ 68 газет

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Ауыз бекіткен адамға берілетін 5 қасиет

Ауыз бекіткен адамға берілетін 5 қасиет

Рамазан айында ораза ұстаған адамға бұдан бұрын ешбір үмбетке берілмеген бес түрлі қасиет беріледі, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі islam.kz сайтының дерегін негізге алып. 

Имам Ахметтің Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткізген риуаятында Алланың Елшісі (с.а.у.) ораза тұтушының ерекше қасиеттері жайында былай дейді: "Менің үмбетіме Рамазан айында бұдан бұрын ешбір үмбетке берілмеген бес түрлі қасиет берілді".
Олар:

Ораза тұтушының аузының исі Алланың алдында хош иісті мисктен, сөзсіз, артық болады;

Ауыздарын ашқанша періштелер олар үшін Алладан истиғфар тілеп тұрады;

Алла Тағала Рамазан айының әрбір күні жәннатын безендіріп оған: "Менің ізгі құлдарымның ауыртпалықтар мен тауқыметтерін тастап, саған кіретін күні жақын қалды", - дейді;

Бұл айда жындардың біразы шынжырланып, басқа айларда істейтін нәрселерін істей алмайды;

Ал соңғы түні болғанда олардың (мұсылмандардың) күнәлары кешіріледі. Сахабалар: "Уа, Расулалла! Ол түн Қадір түні ме?"- деп сұрағанда, ол (с.а.у.) "Жоқ, жұмысшы да ісін толық бітірген соң өзінің сыйын алмаушы ма еді? Сол сияқты", - деген екен.


06 мамыр 2019 ж. 662 0