Жұлдыздар не дейді?
Айтарлықтай өзгеріс болмайды. Бірақ бүгін сіз атқаруға тиіс жұмыстар көп. Олардың барлығы бірдей қиын емес. Керісінше бұл жұмыстарды сіз қызығушылық таныта отырып атқарасыз.
Торпақ
Жақсы күн. Біраз уақыт бұрын қолға алған істі соңына дейін жеткізесіз. Айтарлықтай жеңіске жетесіз деу қиын, дегенмен мақсатыңызға бір табан жақындай түсесіз. Жаңа жоспарлармен жұмысты бастаңыз.
Егіздер
Барлық іс-әрекетті, айтылған сөздерді жүрегіңізге жақын қабылдайсыз. Болмашыға бола жүйкеңізді жұқартып, көңіл-күйіңізді түсіресіз. Бұл айналаңыздағылармен қарым-қатынасыңызды алшақтата түседі. Мұндай қылығыңызбен өзгелерді де ренжітіп алуыңыз мүмкін.
Шаян
Жемісті күн. Іскерлік әлеміне қатысты мәселелер турасында сөйлесу өз пайдасын тигізеді. Мақсатқа жету оңай емес екенін білесіз. Сонда да сіз алған бетіңізден қайтпайсыз және дегеніңізге жетесіз.
Арыстан
Жағымды күн. Көңіл-күйіңізді ештеңе бұза алмайды. Жұмыста табысты болуға мүмкіндік туып тұр. Ол үшін өзіңіздің кәсіби маман екеніңізді дәлелдеуіңіз қажет. Яғни, сізге берілген тапсырманы толық орындап шығуыңыз қажет.
Бикеш
Бүгінгі күн жұмыстарды бірыңғайлап, бұрын бастаған шаруаны соңына дейін жеткізуге қолайлы. Бұрын жіберген қателіктерді түзеу үшін біраз еңбектенуіңіз керек. Бүгін өзіңізге деген сенімділігіңіз зор болмақ.
Таразы
Кез келген мәселені шеше аласыз. Ол үшін асықпай, ақылмен әрекет етіңіз. Нақты нәтижелерге жету үшін біраз уақыт қажет. Бірақ сіздің сабырлылығыңыздың арқасында мақсатыңызға жетуге болады.
Сарышаян
Өзіңіз таңдап алған салада мақсатыңызға жетесіз. Осылайша алдыңыздан жаңа мүмкіндіктер ашылады. Уақытыңызды текке кетірмейсіз. Ішкі түйсігіңіз қай уақытта жылдам әрекет етуді айтады.
Мерген
Кейде жақындарыңызбен қарым-қатынасыңыз қиындай түседі. Келіспеушіліктер ұсақ-түйектен туындап жатады. Соны салдарынан тіл табысу қиындайды. Сіз өзіңіздің қателіктеріңізге көз жұмасыз, ал өзгелердің шалыс басқанын көріп қалатының бар.
Тауешкі
Игі істер атқаруға қолайлы күн. Жаңа жобаларды қолға алыңыз. Оларды тез арада игеріп әкететініңізге күмәніңіз болмасын. Осы арқылы мақсатыңыз айқындала түседі. Тез арада болмаса да, көздегеніңізге жететініңі анық.
Суқұйғыш
Көп еңбектеніңіз. Жалпы, сіздер тәуекелшіл жансыздар. Бірақ бүгін тәуекелге бел буудың қажеті жоқ. Бүгін нақты нәтижемен жұмыс жасағаныңыз дұрыс. Сонымен қатар жақындарыңызды сол қалпында қабылдап үйреніңіз.
Балықтар
Іске келгенде бұл күн өте сәтсіз күн. Көптеген маңызды мәселелерге атүсті қарайсыз. Әлдекімнен көмек күтесіз не болмаса сәттілікке сенім артасыз. Негізі ешкімнен көмек күтпеңіз. Сонда ғана жақсы нәтижеге қол жеткізесіз.
kyzylorda-news.kz