Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұлдыздар не дейді?

Жұлдыздар не дейді?

Тоқты
Көп жұмыс істеуге қолайлы күн. Өз кәсібіңізде жетістікке жетемін деу қиын. Дегенмен біраз шаруаны тындырып тастарыңыз анық. Материалдық жағдайыңыз жақсарады. Бірақ шығындалып қалудан аулақ болыңыз.

Торпақ
Көп іс тындырғыңыз келеді. Алайда барлығы сіз ойлағандай болмайды. Әлдекімнен көмек сұрауға ұялмаңыз. Ескі таныстарыңыздың қолдауына ие боласыз. Кейбір таныстарыңыз сіз ойлағаннан да көп көмегін тигізетін болады.  

Егіздер
Бүгінгі күн өте ауыр, бірақ жемісті болады. Бүгін бар дарыныңызды көрсететін күн. Әсіресе кәсіби салада. Маңызды келісім шарттар жасап, жаңа қызметкер іздеу үшін қолайлы күн. Алаяқтардан сақтаныңыз.

Шаян
Бүгін түсініспеушілік туындаған қарым-қатынастарға көңіл бөлген дұрыс. Жағдай өздігінен дұрысталып, татуласамын деп үміттенбеңіз. Одан да бәрін талқылап, мәселенің басын ашып алған дұрыс.

Арыстан
Бүгін келісім шарт жасау, басшылықпен сөйлесу, сезім білдіру сынды маңызды мәселелерде қайсарлық танытқан жөн. Негізі барлық мәселелерде тез, әрі нақты шешім қабылдай біліңіз.

Бикеш
Кез келген жағдайда өз дегеніңізден қайтпайтын боласыз. Қателескеніңіз анық көрініп тұрса да, өзіңіздікін дәлелдеуге тырысасыз. Қателескеніңді мойындай білу де өнер екенін ұмытпаңыз.

Таразы
Бүгін барлық мәселелерді жылдам, қисынды және нақты орындайсыз. Күш-жігеріңіз мол болады, алайда жұмыста кідірудің қажеті жоқ. Алдағы демалыстарға дайындалыңыз.

Сарышаян
Бүгін жақсы нәтижелерге қол жеткізу үшін барыңызды саласыз. Адамдармен, ақпаратпен жақсы жұмыс істейсіз. Бұл ынтаңызды басшылық байқап, мақтауын аямайды, бірақ үйдегі жанұяңызды да ұмытпаған жөн.

Мерген
Бүгін бірден барлық нәрсеге қол жеткізгіңіз келеді. Ол үшін жылдам, әрі әсерлі жұмыс істейсіз. Қалағаныңызды іске асыруыңызға болады. Бірақ айналадағы адамдардың көңіл-күйіне де қарап қойған абзал.

Тауешкі
Бүгін жолға немесе саяхатқа шықсаңыз міндетті түрде жолыңыз болады. Кез келген жұмыс үшін жақсы марапатталасыз. Айтқандарыңыздың бәрін адамдар бұлжытпай орындайтын болады.

Суқұйғыш
Бүгінгі күн оқиғаларға толы және жауапты болады. Білмейтін мәселелердің өзін бірден түсінесіз. Көпшілік алдында сөз сөйлеп, қоғамдық шараға қатыссаңыз дұрыс болады.

Балықтар
Бүгін көкейіңіздегі мәселелерді басшылықпен талқыламаңыз. Жалақыңызды көтеруді сұрап, қандай да бір ынта танытудың қажеті жоқ. Басшылықтың көзіне түспей, аз сөйлеп, көп тыңдаған дұрыс.

kyzylorda-news.kz
17 сәуір 2019 ж. 406 0