Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ЛАТЫН ӘЛІПБИІ – БҮГІНГІ ТАЛАП

ЛАТЫН ӘЛІПБИІ – БҮГІНГІ ТАЛАП

Тұңғыш Президентіміздің «Болашаққа бағдар: руха­ни жаңғыру» мақаласында қозғалған бағыт­тар­ды кеңінен таратып, мемлекеттік идеологияны анықтайтын, көпке түсінікті, рухани жаңғыруға бағыт­талған құжат деп білемін. Мақаланы оқи отырып, еліміздің бүгіні мен болашағы жарқын екенін, дамудың даңғыл жолына апаратын нақты мақсат қойылғанын түсіндім. Әр халық, әр мемлекет ғасырлар бедерінде рухани жаңғырып, жаңарып отырады. Ал рухани жаңғыру мен жаңаруда білім берудің рөлі зор. Біз өзіміздің ұлттық болмысымызды сақтай отырып, әлемде болып жатқан жаңалықтарды дұрыс қабылдай білуіміз қажет.
Латын әліпбиіне көшу – рухани жаңғыру талабы. Еліміз тәуелсіздік тәжін кигеннен бері бұқаралық ақпарат өкілдері латын әліпбиіне көшу мәселесін жиі-жиі көтеріп келеді. Ал бұл жөнінде алғашқы ой пікірлер 1926 жылдардан бері бастау алғаны баршамызға белгілі. Қазақ тіл білімі тарихында 1929 жылы қазақ жазуы ресми түрде латын әліпбиіне көшкен. Сонымен қатар, 1929-1940 жылдар аралығында латын әліпбиі қолданыста болған еді. Бұл мақсатты мен қолдаймын. Халықтың пікіріне қарасақ, жаңа әліпбиді жаңа тілге ауысамыз деп түсінеді. Бұл қате тұжырым. Латын әліпбиіне көшудегі негізгі ұғым тілдің емес, таңбаның ауысуы болып отыр.
Қазіргі таңда білім саласындағы жаңа реформаның жүзеге асырылуы да, яғни жаңатылған білім мазмұны осы осы әліпбиге көшуге өз үлесін қосады деген ойдамын. Оған дәлел, бастауыш сыныптан бастап үш тілді білім беру реформасының бастау алуы.
Сенімді дерек көзіне сүйенсек, бүгінде әлемнің жетпіс пайыз елі латын жазуы арқылы білімді игеріп, ғылыми зерттеулермен танысуда. Бұл дегеніміз – білім мен ғылымда, техника мен мәдениетке қатысты ақпараттың барлығы дерлік осы таңбамен беріледі. Демек, біз әлем елдерімен тең дәрежеде иық тіресу үшін онымен қоса отыз елдің қатарына қосылу талабының орындалуы жолында маңызды рөл атқарады.

Алмагүл КӨПБОСЫНОВА,
№36 Ә.Тәжібаев атындағы
мектеп-лицейінің
9-сынып оқушысы
09 сәуір 2019 ж. 716 0