Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Джинсы шалбарын қанша уақыт сайын жуу керек?

Джинсы шалбарын қанша уақыт сайын жуу керек?

АҚШ-тың Levi's компаниясы джинсы шалбарларын жууға арналған пайдалы ақпараттарын жариялады, - деп жазады The Independent.

Киім және аяқ киім шығаратын компания өкілдерінің айтуынша, джинсы шалбарларын кір машинамен айына бір-ақ рет жуған дұрыс екен.

Себебі бұл шалбарлар 1873 жылы жұмысшылар мен кеншілерге арнап жасалған. Матасы қатты тоза бермейді, әрі тез кірлемейді. Джинсы шалбарды жуар кезде кір машинаға кері оңғарып салу қажет.

Жоғары температурада жууға болмайды. Ағартқыш сұйықтықтарды қоспау керек. Сондай-ақ, компания өкілдері шалбарды машинада емес, таза ауада кептіруге кеңес береді.

- Біздің кеңестерді ескере отырып суды, күшіңізді әрі уақытыңызды үнемдейсіз. Джинсы шалбарларының матасы уақыт өте келе жақсара түседі, - дейді Levi's компаниясы өкілдері.

Осыған дейінгі сұқбаттарының бірінде компанияның бас директоры Чип Берг өзінің джинсы шалбарын 10 жылдан бері жумағанын айтқан еді.

massaget.kz
01 сәуір 2019 ж. 960 0