Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » МАТАНЫ КҮТУ ЕРЕЖЕСІ. СҮЙІКТІ КИІМДЕРГЕ АСА ОБАЛ БОЛМАС ҮШІН

МАТАНЫ КҮТУ ЕРЕЖЕСІ. СҮЙІКТІ КИІМДЕРГЕ АСА ОБАЛ БОЛМАС ҮШІН

Қарасаңыз, бәрі оп-оңай секілді: жапсырмадағы нұсқаулықты қадағаласаңыз, инфографиканы оқысаңыз болғаны. Ал киімдер неге өз түр-түсін жоғалтады?

Зығыр матаны жуамыз

Зығырдан жасалған матаны химиялық тазартуға беру міндетті емес. Көбіне зығыр матадан жасалған киімдерді кір жуғыш машинада жуып, кептіргіш құралдар арқылы кептіруге де болады. Үтіктеген кезде олардың дымқыл болғанына назар аударған маңызды, және де қыртысының жазылғанын күтпеңіз де – зығыр сәл қыртысты күйде болатыны белгілі.
ішкі-сыртқы жағының әдемілігі

Бұл қадамдардың арқасында сүйікті киімдеріңіз ұзақ уақыт бойы жаңа күйінде көрінеді.

ШОМЫЛУ КИІМІ. 

Спандекстің созылыңқылығын қалыпты күйде ұстау үшін бұл киімдерді қолмен жуған орынды немесе кір жуғыш машинаға арнайы қапқа салып, ұқыпты жуу режімінде жуу керек (түйін болып қалмас үшін шомылу киімінің барлық жіптерін шешіңіз). Шомылу киімдерін тек қана кептіргіште кептіріңіз.

АШЫҚ ТҮСТІ ФУТБОЛКАЛАР. 

Суық сумен жуыңыз. Дақты кетіру үшін түрлі түсті киімдерге арналған дақ кетіргіш ұнтақты пайдаланыңыз, мұқият жуу үшін алдын ала жуу режімін пайдаланыңыз.

АҚ ЖЕЙДЕ ЖӘНЕ ДЖИНСЫ.

Дақтарын бірден кетіруге тырысыңыз, ал жеңі мен жағасына алдын ала жуу құралын пайдаланыңыз. Ақ түсін сақтау үшін ақ киімдерді әрдайым ағарту құралын құя отырып, терең тазарту құралдарымен жуыңыз.

ЖОЛАҚТЫ КИІМДЕР. 

Бұл киімдерді қайда жіберу керек: аққа ма, қараға ма? Қара жолаққа су тигізіп, сәл ғана сүртіңіз. Жұға ма екен, әлде жоқ па екен, соны білесіз. Егер жұқпаса, ашық түсті киімдермен жууға болады. Егер қара киімдермен жусаңыз, ақ түстің орнына сұр түсті жолақ аласыз.

СПОРТТЫҚ КИІМ. 

Тердің иісі сіңгені соншалық, кейде жуған соң да иіс кетпей жатады. Мұндай болмас үшін жаттығудан кейін спорттық киіміңізді бірден кір жуғыш машинаға салыңыз. Жылы сумен, аз аздап жуыңыз. Кір жуғыш ұнтаққа сұйық кондиционер қосуыңызға болады.


ДАҚТЫҢ ІЗІ ҚАЛМАЙДЫ!

Шөп



Дақтың кебуін күтіңіз, шөптің дағын щеткамен тазалаңыз. Даққа кір жууға арналған сұйықтықты тамызып, бірнеше минутқа қалдырыңыз және ыстық суда жуыңыз.

КОФЕ




Кір жууға арналған сұйықтығы бар губкамен ылғалдаңыз, әрі қарай киімді әдеттегідей жуыңыз.

Жемістер


Дақ тиген аймақты суық суға салып қойыңыз, дақ кетіргіш құралмен тазалаңыз, әрі қарай жылы суда жуыңыз.

Балмұздақ

Дақ тиген жерді 4 стакан суық су мен 1 ас қасық кір жуғыш ұнтақ қосылған сұйықтықпен 30 минутқа қалдырыңыз. Ыстық суда жуыңыз.

Жағажай заттарын құтқарамыз

Жаздың бірінші қажетті киімдерін құтқарудың амал-тәсілдері мынадай:

ЭСПАДРИЛЬДЕРДІ ТАЗАРТАМЫЗ

Сұрақ: Арқан жіпті ұлтанды қалай тазартуға болады?

Жауап: Кілемдерді жууға арналған көбікті пайдаланыңыз. Алдымен ұлтанды шаңсорғышпен сорып алыңыз, бұл құрғақ кірді тазалау үшін қажет. Әрі қарай көбікті жұқалап жағыңыз, 5 минут күтіп, көбікті сорып алыңыз. Егер кір қалса, тағы да қайталаңыз.

Бұл ретте көбікті жағып, ескі балалар щеткасымен ысқылап көріңіз.

Ескі жағажай сөмкесі

Сұрақ: Кенеп матадан жасалған сөмкені қалай тазалаған орынды?

Жауап: Сөмкені жақсылап тұрып қағып алыңыз. Суға ыдыс жуғыш құралдан белгілі бір мөлшерде қосып, көбікті таза губкамен алып, сөмкеге жағып тазалаңыз. Жұмсақ щеткамен дақ түскен, тұралаған аймақтарын сүртіңіз, бұл сөмкенің түбі және ұстайтын екі құлағы. Сөмкені дымқыл шүберекпен сүртіңіз және кептіріңіз.

Майысқан сабан қалпақ

Сұрақ: Майысқан жерінен қалай құтылуға болады?

Жауап: Қалпақты қағаз майлықпен тығыздап тұрып толтырыңыз. Үтіктің бу беру қызметі арқылы сабан жұмсаруы үшін булаңыз. Сыртқы бетін қолыңызбен сипап өтіңіз, немесе жылы үтікпен қалпаққа көлем беру үшін жүріп өтіңіз.
пайдалы кеңестер

Антиперспиранттардағы алюминиймен тердің қосылуы киімде сары дақтардың қалуына түрткі болады. Матаны суық суға салып алыңыз, ақ сірке суды сіңдіріңіз және ыстық суда кір жуғыш ұнтақпен жуыңыз.

Кір жуғыш машинаға көп киім салмаңыз! Барабанға нығыздалып салынған киім дұрыс жуылмайды. Бұл әрі кір жуғыш машинаның бұзылуына әкеп соғады.киімдегі белгілердің түсініктемесі

Осындай жүргізілген қадамдардың арқасында сүйікті заттарыңыз маусым бойы өз реңкін жоғалтпасы анық.



31 тамыз 2018 ж. 1 009 0