Тушь құрғап қалса...
Сүйікті тушьыңыз құрғап, қолдануға жарамай қалған сәттер болды ма? Тушьтың ғұмырын сәл болса да, ұзартып, косметикалық дүкенге барғанша ескісімен қолдануға болады. Ол үшін біздің кеңестерімізді қолданыңыз.
1. Ең бірінші және қарапайым жол – тушьты жылы су құйылған стақанға салу. Тушь жылып, сәл ериді. Бұл дауаны тушьты қолданудың дәл алдында жасаған дұрыс.
2. Екінші әдіс үшін сізге көзден макияж сүртетін сұйықтық қажет болады. Бірнеше тамшысын тушьқа тамызып, сәл күте тұрыңыз. Сұйықтық тушьты еріткеннен кейін, қолдануыңызға болады.
3. Кеуіп қалған тушьты көзге арналған медициналық тамшылармен де жібітуге болады екен. Оны тушьқа сәл тамызып, түнге қалдырып қойыңыз. Таңертең тушьты қолдануыңызға болады.
4. Тушьты құрамында спирті жоқ бетке арналған тоникпен де ерітуге болады. Ол тушьты ерітіп, сонымен қатар, оның жағылуын жеңіл қылып, кірпікте ұзаққа сақталатындай етеді. Айта кетсек, осылайша көзге арналған сүрмені қалпына келтіруге болады.
Осы айлалардың арқасында тушьты соңына дейін қолдануға болады. Алайда бұл кеңестерді тушьты күнделікті жақсаңыз ғана қолданыңыз. Сирек жағып жүрген тушь косметикаңыздың арасында жатқанына әжептеуір уақыт болса, оны ауыстырған жөн. Жалпы тушьтың бетін ашқаннан кейін, оның сақталу мерзімі – 4-ақ ай. Осы уақыттан кейін оған сырттан түрлі бактериялар кіріп, дами бастайды. Біздің кеңестерді тек қолыңызда жаңа тушь болмаған жағдайда қолданыңыз. Жақын арада дүкенге барып, жаңасын алғаныңыз дұрыс. Жаман, сапасы нашар, кеуіп қалған тушь көздің сезімталдығына әсер етіп, оған зиян тигізуі мүмкін.