Әсемдіктің 11 қулығы





✅ Біздің шашымыз аққайнарды жақсы көреді! Егер үйіңізде қонақ шақырғаннан кейін қалған аздаған аққайнарыңыз (шампан) болса, шашыңызды жууға арнаңыз. Минералды сумен араластырып, шашыңызды бір рет шайыңыз. Аққайнар шашыңыздың өңін келтіріп, жібектей жұмсартып, жылтыратады.
✅ Бір сәт газдалған минералды сумен жуыныңыз. Судың құрамындағы газ көпіршіктері жарылып, қан айналымды жақсартады. Газдалған суға аздап лимон шырынын тамызып жіберсеңіз, беттегі ұсақ тесіктерді тарылтады.
✅ Тісіңізді тазалап жатқанда тіс щеткаңызбен ерніңізді де бір ысқылап шығыңыз. Тіс щеткасы еріндегі өлген жасушаларды кетіріп, ерніңізді жұмсартады. Ал онымен жасалған массаж бен тіс пастасының құрамындағы ментол қан айналымды жақсартады.
✅ Құрғақ сусабынның орнын жүгері крахмалы, балаларға арналған сеппе немесе тальк алмастыра алады. Шашқа себу үшін тұз себуге арналған ыдысты пайдалануыңызға болады.
✅ Жақсылап көпіршітілген жұмыртқаның ағы беттегі ұсақ тесіктерді тарылтатын ең керемет құрал болып табылады. Оны бетіңіздің майда тесіктер көп орналасқан аймағына немесе бүкіл бетіңізге жағыңыз. Жақсылап кепкеннен кейін салқын сумен жуып, ылғалдандырғыш крем жағыңыз.
✅ Қызыл шарап хлордың зиянды әсерін жояды. Бассейнге барарда шашыңызға қызыл шарапты жағып алыңыз. Бұл тек арнайы жағдайларда жасауға арналған. Арнайы аквамайлардың әсері одан да күштірек.
✅ Ыстықта, тұманда немесе жаңбыр жауғанда шашыңыз қобырап кетті ме? Алақаныңызға қолға арналған кремнің немесе денеге арналған лосьонның бір-екі тамшысын сығып алып, шашыңызға жағып, жатқызуыңызға болады.
✅ Тальк терді жақсы сіңіріп алады, сондықтан оны терлеуге қарсы дезодоранттың орнына пайдалануға болады.