Бәйшешек туралы 10 дерек
Бәйшешек күн жылынып, шуақты көктемнің келе жатқанын алғаш хабарлайтын күй талғамайтын гүл. Көктемнің басында, қыстың қары толығымен еріп бітпеген кезде тауда және тау бөктерінде, ормандағы қардың астында, толығымен ерімен ала қардың астынан ақ, көгілдір немесе күлгін ғажайып, бәйшешек гүлі шығады. Бәйшешектің гүлдегенін көрмеген адамдар да, ол туралы білмейтіндер де бар. Соған орай Stan.kz бәйшешек туралы қызықты деректер ұсынады.
1. Бәйшешектің латынша атауы «галантус». Ол гректің «гала» – сүт және «антус» – гүл деген сөзінен шыққан, яғни қазақша сүт тамшысы деген мағына береді. Бәйшешектің аппақ қауызы шын мәнінде де, қатып қалған сүт тамшысына ұқсайды. Халық арасында бәйшешек әр түрлі аталады, оның атауы көп. Кейбірі бұл гүлді қар астындағы раушан, бір айлық, Пасха қоңырауы деп те атай береді.
2. Бәйшешек – нәркес гүлінің туысы. Олардың екеуі де амариллистер жанұясына жатады. Бәйшешек қар түскеннен кейін, қаңтардан бастап, сəуір айына дейін гүлдейді.
3. Бәйшешектің ең көп түрін Кавказда кездестіруге болады. Ол жерден бәйшешектің 16 түрі табылды.
4. Бәйшешектің құрамында алғаш рет Воронов бәйшешегінің баданасынан бөлінген және «маңызды және негізгі дәрі-дәрмектер» тізіміне кіретін гортанамин органикалық қосылысы бар. Галактаминді жұлын қабынуының қалдықтық әсерін, қозғалыстық бұзылуларды, орталық жүйке жүйесінің бұзылуымен және басқа да ауруларды емдеу үшін қолданады.
5. Бәйшешектің көктемде шығатынына қарамастан, ол 10 градус аязға да төзе алады. Оған мұндай аязға төлеп беруіне негізі сабағындағы жұқа түктерден тұратын өзіне тән қабығы көмектеседі.
6. 2012 жылы гүлінде сары дақтары бар сирек кездесетін бәйшешек баданасы eBay онлай-аукционында 725 фунт стерлингке (шамамен 195 960 теңгеге) сатылды. Бұған дейін, 2011 жылы, жасыл дақ секілді ерекшелігі жоқ бәйшешек баданасы 350 фунт стерлингке сатылған еді.
7. «Галантофилия» термині бәйшешек колекциясын жинау дегенді білдіреді. Британдық Колесбурн саябағының Глочестершир графтығының батысында ең көп бәйшешек коллекцияларының бірі өседі. Бұл нәзік өсімдікті табиғат зерттеушісі Генри Джон Элвис 130 жыл бұрын жинай бастады, тіпті оның құрметіне Түркияда табылған бәйшешектердің біріне соның аты беріліп, Элвис бәйшешегі деп аталды.
8. Бәйшешек әртүрлі өнер туындыларында кездеседі және ол көптеген жазушылардың шығармаларына арқау болған. Мысалы, Ханс Кристиан Андерсеннің 1862 жылы жазылған кішкентай батыл гүл мен қыздың тұрақсыз махаббаты туралы баяндалатын ертегісі немесе зұлым өгей шешенің қыстың ортасында кішкентай қызды бәйшешек жинауға жіберуі туралы айтылатын Самуил Маршактың 1942 жылы жазған «Он екі ай» ертегісін еске түсіріңіз.
9. Ресейдің Қызыл кітабына бәйшешектің 6 түрі, ал Қазақстанның Қызыл кітабына екі түрі енгізілген.
10. Бәйшешекті заңсыз жинаған және сатқан Ресей азаматтары 2,5-3 мың рубль, ал лауазымды тұлғалар – 40 мың рубль, сондай-ақ, заңды тұлғалар – 300 мың рубль айыппұл төлейді.