Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ШАРШАМАЙТЫН ШАУХАМАНОВ

ШАРШАМАЙТЫН ШАУХАМАНОВ

КЕЗІНДЕ МАМАНДЫҒЫМ БОЙЫНША ЕҢ ЖОҒАРҒЫ ҚЫЗМЕТІМ КЕҢШАРДЫҢ БАС ИНЖЕНЕР-ГИДРОТЕХНИГІ ДЕГЕН ҚЫЗМЕТТІ АТҚАРДЫМ. ЖАС КЕЗІМДЕ НЕГІЗГІ ЖҰМЫСЫММЕН ҚОСА, МЕКЕМЕДЕ БАСТАУЫШ КОМСОМОЛ ҰЙЫМЫНДА ХАТШЫ БОЛДЫМ. СОЛ КЕЗДЕГІ БАҚ-ТАҒЫ ХАБАРЛАРДЫ ҮЗБЕЙ ОҚИТЫНМЫН, АРАСЫНДА ӨЗІМ ДЕ МАҚАЛА ЖАЗАТЫНМЫН. МЕНІҢ БІРТАЛАЙ ЖАЗҒАНДАРЫМ ОБЛЫСТЫҚ, АУДАНДЫҚ, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ЖАС АЛАШ», «АНА ТІЛІ» Т.Б ГАЗЕТТЕРДЕ ЖАРИЯЛАНЫП ТҰРДЫ.
Күтпеген жерден қолыма қалам алғызған төмендегі жағдай: Денсаулығыма байланысты, Қызылордаға көшіп келіп, тұрып жатқанмын. Қалада болсам да өзім тұрақты жаздырып алып жүрген Сырдария аудандық «Тршілік тынысы» газетінің 23 қазан 2018 жылғы 8 нөміріндегі, өзінің көзі тірісінде Ержан Байтілеске аманаттаған Сейілбек Шаухамановтың «Қазақ жаңғырамын десе» – деген мақаласы еді. Мақала бүкіл Қазақ халқына арналыпты. Мен осы мақаланы оқығаннан кейін, мақала жайлы емес, мақаланың авторы Сейілбек Шаухаманов жайлы ойладым. Ол кісімен таныстығым сонау 1964-1965 жылдары Атырау облысынан оқудан кейінгі үш жылғы жолдамамен Тереңөзекке, аудан оралығындағы ПМК-15 мекемесіне бөлімге инженер болып жұмысқа тұрғаннан кейін басталды. Жұмысқа тұрып, бұйрық алғаннан кейін, заңды түрде коммунист, комсомол мүшелері де аудандық комитетке барып есепке тұратын. Аудандық комсомол комитетіне барсам, санақ бөлімінде өзіммен аудан орталығында орта мектепті бірге бітірген Орзаева Сәрсенкүл есепке алмастан бұрын, сол кездегі комсомолдың бірінші хатшысы Сейілбек Шаухамановқа апарып: «ПМК-15» мекемесіне дайын хатшы алып келдім, – деп таныстырды. Артынша шамалы уақыттан кейін, ПМК-15 те жиналыс болып, мен мекеменің комсомол ұйымына хатшы болдым. Бірақ мен ол кісімен көп уақыт қызметтес болғаным жоқ.
Ол кісі жоғары дәрежедегі басқа қызметтерге ауысты. Мен мамандығым бойынша 1972 жылы «Шіркейлі» кеңшарына директор Жаңабай Азаматовтың сұрауымен, аудан басшыларының келісімімен «бас инженер гидротехник» болып кеттім.
 Олардың көбісінің лексиконында «Папа, әке» – деген сөздер болған жоқ. Шешелерімізді біз қазіргідей «мама» – демей, тек Апа деп атадық.
Секеңмен кездесуім көп жылдық үзілістен соң, осыдан жиырма жылдай бұрын, Секеңнің зейнеткерлікке шығып облыстық ардагерлер Кеңесінің төрағасы кезінде болды. Оның себебі кезінде өзімді қалап алып, жұмыс берген Жаңабай Азаматовтың қайтыс болғанынан кейін, жыл толғанда естелік жазып, оны газет бетіне жариялау еді . Ол кездің саясатымен қарапайым адам өзінен жоғары дәрежедегі адам жөнінде естелік жазу үшін лауазымды қызметте болуы керек болатын. Ол кісі «Сен Жеңісбек өз білгеніңді жаза бер, ал мен жалғыз Жаңабай Азаматов емес, өз заманының колхоздастыру кезіндегі мықты ардагерлері Оспан Мәлібаев, Мөрәлі Шәменов және Қамақшылық Цай Ден Хактар жайлы Республикалық «Егемен Қазақстанға» мақала жазамын- деген еді.
Айтқанын орындап сол кісілерге арналып жазылған мақалаларын «Егемен Қазақстанда» жариялады. Осыдан кейін Секеңнің жазғандарын үзбей оқитын болдым. Ол кісі өмірден өткенше Республикадағы, Облыстағы билікте болғандары болсын, қарапайым еңбек ардагерлері жайлы да көп жазды. Кей кісілердің қазасында, сөйлеген аза сөздері, халықты еріксіз өзіне тартып, көңілін босататын.Секеңнің ең биік сөзі, Республикаға танымал, Облыс басқарған Исатай Әбдікәрімовтың қайтыс болуына байланысты намаздағы «Азалы сөзі»- деп ойлаймын. Ол сөз журналист Қази Данабаевтың «Дүниеден ғажайып бір жан өтті» – 2002 жылы Алматыдағы басылып шыққан кітабында жақсы жазылған.
– Уа, қадірлі Исеке! – Уа, қадірлі Исеке! – деген сөздерді 15-16 рет қайталап, еліне, халқына тірі Исекеңмен сөйлескендей елестетеді.
Егер Секеңді еске ала отырып, Исекеңнің намазындағы сөздерін қайта жаңғыртса, ол Секеңнің рухына ғана емес, құрметті Исекеңді де еске алғандай болар еді. Мұсылманша айтқанда «бір аунап түсер еді».
Секең өзіміздің облыстың азаматтарын емес, республикалық деңгейде қалам тартты. Ол кісі Дінмұхаммед Қонаев, Әбіш Кекілбаевтар жайлы жазғандары өз алдына бір төбедей. Марқұм Әбіш Кекілбаев Сейілбектің Шиеліде бірінші хатшы кезінде кездесіп: «Біздің жазып жүргеніміз, Сейілбектің қасында далада қалады»,- деп мойындаған екен Секеңнің көзі тірісінде
«... Айтқандарыңды айтып кет,
Айта алмайсың қайтып кеп!?»-деп жазып, санасында саңылау барларға , сәуле болып төгілердей сөздерін арнап кетті. Тек ол күнді көре алмайтыны өкінішті.
Осы жоғарыдағыларды оқып, жазып отырып Тереңөзектік ақын Балашбек Шағырұлының алғашқы ақындыққа барар жолда сол кездегі астана Алматыға барып, абыз, әулие, арқалы ақын қазақтың Әбілдасынан барып бата алғанда «Өзіңдей қайда қамқор аға маған!?» – деген өлеңінің ең соңғы бетіндегі:
... Мен жүрмін, жыр жорықта тағыда алда,
Бейнеңді еске аламын сағынғанда,
Мендей інің көп шығар Алматыда,
Сендей аға, ауылдан табылар ма?...- деген сөзін. ...
Сіздей аға келешек ұлтымызда табылар ма... – деп қорыттым.
Секең өзінің көршісі, әрі құдасы Мақсұт Әбдіразақов жайлы, әр саладағы қызмет атқарған мамандар жайлы, әсіресе су шаруашылығы мамандары Сабыр Арыстанбаев, Ержігіт Бозғұловтар жайлы жазды. Секеңнің болмысы шежіре болатын. Дүние жаратылғалы 90 миллиард адам дүниеге келген, оның 83 миллиардқа жуығы жердің астына кетті. Қазір 7.5 миллиард жер бетіндеміз – дегенді де айтқан. Өткен ғасырдың аяғында Қазақ Совет әдебиетінің «Алыптар тобы» (Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұханов, Ғабиден Мұстафин, Ғабит Мүсірповтер) соңғы тұяғы жазушы Ғабит Мүсірепов қайтыс болғанда, ақын Олжас Сүлейменов «Қазақ Совет әдебиетінің соңғы күрек тісі сынды» – деген екен.
Секеңді де Тәуелсіздіктен кейінгі Қызылорда облысының алғашқы әкімі немесе Қызылорда облысының, Қазақстан Республикасындағы төлқұжаты (паспорты) деп толық айтуға болады. Өйткені 1991 жылдан кешегі дүниеден озған күніне дейін ол халқының арасында үнемі халықпен бірге болды.
Жаныңыз жаннатта,
Орныңыз пейіштің төрінде болсын Құрметті Сейілбек Шаухаманұлы. Аға!!!

Жеңісбек МАҚСҰТҰЛЫ,
Қызылорда қаласының тұрғыны
17 ақпан 2019 ж. 1 268 0