Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұлдызнама белгілерінің екі қыры

Жұлдызнама белгілерінің екі қыры


Әлем екі бөліктен тұрады — қараңғы және жарық, ақ пен қара, жақсылық пен жамандық. Сол секілді жұлдызнама белгілері де жақсы-жаман қасиеттерімен көрініп отырады. Кейбірі өз кемшіліктерін жасырғысы келсе, енді біреулерінің өз жаман әдетін жасырып қалуға қауқары жетпей қалып жатады. 
Тоқты
Оның өмір сүруге талпынысы және жақсылыққа жігерленуі келбетін жақсы көрсетуге мүмкіндік береді. Талпыныс пен ерік жігерге толы қасиеттер оның бойында жетерлік. Оның бойындағы қайсарлық пен ерлікке көпшілік қызыға қарайды. Алайда агрессияға толы әлсіз тұсы да бар, ызақор келеді. Көңіл-күйі жиі ауытқиды. Өзгенің пікірін ауыр қабылдайды. 
Торпақ
Жақсы досқа тән адалдық, сенімділік оның бойынан табылады. Бүкіл өмірінде барлық жағдай тұрақты, жоғары деңгейде болғанын қалайды. Оның жақсы мінезін біле тұра, тілегін орындамау әсте мүмкін емес. Осыған дейінгі жеткен жетістігі - өзінің таза еңбекқорлығының арқасы. Екінші жағынан өзін әлсіз сезінетін тұста - қырсықтық танытатын мінезі бар. Екінші жартысына үнемі қыр көрсетіп, дегенін орындатқысы келеді.
Егіздер
Бұл белгі тумысынан екі түрлі мінезге ие. Үнемі жақсы көңіл-күйде болып, жақындарына қамқорлық таныта біледі. Бұл адамға сеніп, сырыңды ақтаруға болады. Ал кемшілігі үрей не күйзеліс жағдайында аяқ асты шешім қабылдап қоюға дайын.
Шаян
Әрдайым көмек қажет болса, қол соза алады. Жақын туыстарына үнемі қамқорлық танытып жүреді. Есесіне ешкімнен жақсылығы үшін жауап күтпейді. Кей кездері агрессияға бой алдырады. Күйзеліс пен қорқыныш оларды жиі мазалайды. Мұндай кездері сыртқы әлеммен байланысын үзуге бар.
Арыстан
Олар үшін ең маңыздысы - артынан адам ертіп, өзінің көшбасшылық орнын иелену. Әрдайым отырыстың ортасында, белді мүшесі болғанын қалайды. Өз күшіне сеніп, өзінің мықты екенін дәлелдеуге құмар келеді. Әзілге де бар, талғампаз, өзіне-өзі ғашық жандар. Жақын тусқа талап қойғыш, кез келген жағдайды құбылтып, үлкейтіп жіберуге әзір тұрады.
Бикеш
Олардың логикалық ойлауы болмашы нәрсені ойлауға мүмкіндік береді. Жақсы тыңдап, қажетті кеңестерді бере алатын қасиетке ие адамдар. Жақсы дос бола жүріп, сыр сақтай алады. Алайда кез келген жайтқа тынымсыздықпен қарайды. Болатын оқиғаны алдын ала ойлап, құрастырып, санаға тоқып алады. Сәл қателікке бой алдырған жұбын сынның астына алып, жолдан тайдыра да алады. Осындай қасиеттерінің кесірінен көбіне жалғыз қалуға тура келеді.
Таразы
Олар әрдайым өзінің жақсылығымен қолдап жүреді, осылай айналасындағы адамдарға үнемі шапағатын тигізеді. Жақын араласатын адамдарына жаны қалмай көмектесуге әзір тұрады. Алайда күнделікті күйбең тіршілікте олардың салмағын тұрақты деп бағалау әсте мүмкін емес. Ызаланып, жиі ренжіп те жатады, бұл олардың психологиялық көңіл-күйіне әсер етеді. Өз пікірінде қалу олар үшін өте қиын, сондықтан да көбінесе билікті басқаға беріп, өз жайымен тыныш кеткенді жөн санайды.
Сарышаян
Әлемді, оның айналасындағы жұп-жұмыр тіршілікті бағалай біледі. Бұл қасиеттердің барлығы көшбасшыға тән. Алайда олар адамдарды өзіне бағындырып, дегенін істеткенді тәуір көреді. Адамға көп килігеді, дұрыс адам таңдаса, өз серіктесінің өзгелерден керемет болғанын қалайды.
Мерген
Өзінің сымбатының арқасында өзгелердің көзқарастарын жаулап алудың хас шебері десек те болады. Достық пейіліне еш сенімсіздік танытуға келмес. Алайда болмашы нәрсеге өре түрегеліп, ренжіп, жалқаулыққа салынып кетуі де ғажап емес. Олар көңіл-күйге тәуелді адамдар. Егер көңіл-күйі нашар болса, олардан қашық жүрген дұрыс.
Тауешкі
Тумысынан дарыған ақыл оларға жоқтан ақша жасауға мүмкіндік береді. Оларды туа біткен талант десе де болады. Бір істі бітіре сап, екіншісіне кірісуге уақыт та табады. Алайда олардың бойында кездесетін қырсықтық өзгенің проблемасын етене түсінуге мүмкіндік бермейді. Олар ешқашан өзге адамның өздерінен күштірек әрі ақылдырақ екеніне көнгісі келмейді, мойындамайды да.
Суқұйғыш
Үнемі қызығушылық тудырады. Табиғатынан саяхатшылар іспеттес, ұнаған мекендерін аралап жүруге бар. Алайда жаны тез жараланады, бәрін жүрекке тез қабылдайды. Өзінің сөздеріне құлақ түрсе, сынға ерекше мән береді.
Балықтар
Сезімтал жандарға өзгелер туралы шынайы қамқорлық таныту артық етпес. Серіктестікті жақсы түсінеді және міндеттерді өзіне жүктеп ала алады да. Қиял мен иллюзияға толы әлемде өмір сүреді. Өзінің еркелігімен кез келген адамды ренжітіп алуы мүмкін, сондықтан да көбіне жалғыз жүреді.

10 ақпан 2019 ж. 1 217 0