Астананың бас имамы қыздарынан айырылған отбасыға 13 миллион теңге жинап берді
Астана қаласында бір үйдің бес баласының өрттен көз жұмуы көпшіліктің қабырғасын қайыстырды. Бұл орайда қазақстандықтар ақша жинап, балаларынан айырылып қалған отбасыға қолдау білдіруде. Бүгінде халықтан бір баспанаға жетерлік ақша жиналыпты, деп хабарлайды Stan.kz.
Елордадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы Мақсатбек Қайырғалиұлының айтуынша, бас имам Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен қайғыдан қан жұтқан отбасыға жылу ретінде ақша жиналыпты. Мейірімді жандардың арқасында бір тәулікте жиналған ақша 13 миллион теңгені құрайды.
«Бұл ақша марқұмдардың отбасына табысталады. Осы сәттен бастап шотқа ақша жинау тоқтатылады. Егер марқұмдардың отбасына көмек бергілеріңіз келсе, олардың картасына аудара аласыздар», – дейді мешіт қызметкері.