АҚШ-та тұратын қырғыз бала досының еміне шамамен 1500 доллар жинап берді
АҚШ-та тұратын этникалық қырғыз Біләл Ибрагим Қырғызстанда тұратын әрі сал ауруымен ауыратын досына 1416 доллар жинап берді. Бұл туралы Настоящее время басылымына сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Біләл Ибрагим мен Баатырбек Эрнист уулу бір-бірімен әлеуметтік желі арқылы араласып тұрған. Жақында Біләл өмірінде бірінші рет Қырғызстанға келіп, Баатырбекке емделуге 1416 доллар табыстады.Екеуі бір-бірін шын өмірде көргендеріне қуанышты.
“Анам маған Facebook желісінен Баатырбектің видеосын көрсетті. Оған көмектескім келді, себебі оның жағдайы нашар екенін түсіндім. Мен өзімнің 100 долларымды бердім. Сосын біз қайырымдылыққа ақша жинадық, — дейді Біләл Ибрагим.
Балаға ақша жинауға оның ата-анасы көмектесті.
“Ақша жинау үшін қазір ойнамайтын ескі ойыншықтарын сатып, көршілердің ауласын тазалағысы келді. Оның анасы Whatsapp-та достарымызға топ ашып, оларға Баатырбекке көмектесу керектігін жазды. Достарымыз бірден ақша жібере бастады”, — дейді баланың әкесі Ақылтай Шерматов.
Баатырбек Эрнист уулу Америкаға баруды армандайды.
Маған Біләл келеді деп айтқанда, көз алдыма Американы елестеттім. Америкаға барғым келеді”, — дейді ол
Баатырбектің ата-анасы балалар бір-бірін шабыттандырды деп ойлайды.
“Баатырбек жазылып кеткеннен кейін дәл осылай басқа адамдарға көмектескім келеді деп айтқан. Біздің алғысымыз шексіз. Америкада жүмыс істейтіндерге, Біләлге рахмет”, — дейді Баатырбектің анасы Мээрим Сұлтанова.
Әлеуметтік желі арқылы танысқан екі баланың достығына қоғам тамсануда.
Источник: Stan.kz