Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ПИЦЦА ӘЗІРЛЕУ ӘДІСІ

ПИЦЦА ӘЗІРЛЕУ ӘДІСІ

Пиццаның қамырын дайындау үшін

2 стақан ұн 
0,5 стақан сүт 
2 жұмыртқа 
0,5 шәй қасық тұз 
3 үлкен қасық сұйық май 

Ал, ішіне өзіңіздің талғамыңызға қарай ірімшік, бұрыш, майонез, кетчуп, қызанақ сынды т.б. нәрселер салсаңыз болады. 

Пиццаның қамырын дайындау үшін: 

Ұн мен тұзды бөлек табада араластырып аламыз. 

Жұмыртқа, сүт пен сұйық майды екінші табада араластырып аламыз. 

Сөйтіп ұн мен тұз араласқан табаға дайын сұйықтықты сұямыз. 

Қамырды илеп, 30 минутқа үстін сүлгімен жауып қойып қоямыз. 

30 минуттан кейін қамырды екіге бөліп, оқтаумен илей отырып пиццаның пішініне келтіреміз. 

Үстіне майонез бен кетчупты жағамыз. 

Қызанақты саламыз. 

Сырды үгітіп салып, үстіне қара бұрыш себеміз де ыстық пешке 25 минутқа салып қоямыз. 

Пицца дайын! Асыңыз дәмді болсын!

reactor.inform.kz
 
03 қаңтар 2019 ж. 2 668 1

Евгений Потапов от 28 шілде 2023 14:33
Добрый день! Меня зовут Евгений Потапов. Заинтересовал ваш сайт tirshilik-tynysy.kz. Хочу его купить. По факту изучения статистики, я смогу назвать точную сумму которую я готов за него заплатить. Если вам интересна продажа вашего проекта, жду вашего ответа. С уважением, Евгений Потапов mr.evgenij-potapov@yandex.ru