Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ТАСБАҚА ТОРТЫ

ТАСБАҚА ТОРТЫ


Ингредиенттер:

6 жұмыртқа;
3 стақан қант;
1,5 стақан ұн;
200 грамм сары май;
2 стақан қаймақ;
какао;
қопсытқыш (разрыхлитель);
қалауыңыз бойынша безендіретін азық-түліктер қажет.
 
Дайындау жолы:

1. Торт кремін дайындау үшін сары майды аламыз. 
2. Алған сары майымызды ыдысқа салып ерітеміз. 
3. Үстіне 1,5 стақан қант қосамыз. 
4. Артынша барлығын миксердің көмегімен араластырамыз. 
5. Дайын болған қоспаның үстіне 2 стақан қаймақ қосамыз. 
6. Біртекті күйге енгенше миксердің көмегімен араластырамыз. Осылайша, тортымыздың кремі дайын болады. 
7. Енді қамырын дайындауға кірісейік. Ол үшін ыдысқа 6 жұмыртқаны саламыз. 
8. Жұмыртқаның үстіне 1,5 стақан қант қосып, араластырамыз. 
9. Артынша 1,5 стақан ұн қосамыз. 
10. Ұнның үстіне 1 ас қасық какао саламыз. 
11. Шәй қасық қопсытқыш қосамыз. 
12. Барлығын жақсылап араластырамыз. 
13. Табаға арнайы жылтыр қағазды қоямыз. Үстіне дайын болған қоспамызды ас қасықпен құйып шығамыз. 
14. 150-180 °С градуста қыздырылған пеште 7-10 минут пісіреміз. 
15. Дайын болған шелпектерді ыдысқа саламыз. 
16. Шелпектердің арасына крем жаға отырып, тасбақаның бейнесін келтіреміз. 
17. Түрлі-түсті драже, жаңғақ және шоколад көмегімен қалауымызша безендіреміз. Тасбақа тортымыз дайын!  Астарыңыз дәмді болсын!

reactor.inform.kz
24 желтоқсан 2018 ж. 1 838 2

Гость JeaOrer от 17 ақпан 2019 09:48
Levitra Beheben mejor viagra o cialis Como Puedo Comprar Viagra Sin Receta

Гость JeaOrer от 7 наурыз 2019 19:28
Viagra Rischio Infarto Cialis Pour Les Jeunes Macrobid Where To Buy Inverness dapoxetine belgium Amoxicillin Skin Rash