Құймақтан жасалған торт
Бізге керегі:
- Ұн 1,2стакан
- Сода 1шәй қасық
- Қант 0,5 ас қасық
- Тұз 0,2 шәй қасық
- Какао 4 ас қасық
- Өсімдік майы 4,5 ас қасық
- Ванилин 2 шәй қасық
- Сүт 1,5 стакан
- Қаймақ 1 стакан
- Шоколад 90гр
Ең алдымен ұн, сода, какао, қант, тұзды араласытрамыз. Бұған өсімдік майын, ванилин мен сүтті қосамыз. Табаны қыздырып, кишкене майлап, дайын қамырымыздан табанын ортасына құйып бетіне көпіршіктер шыққан соң екінші бетін аунатамыз. Құймақтарымыз дайын болған соң суытып, қаймақ пен қантты жақсылап араластырып құймағымызға жағамыз да, беткі жағына ерітілген шоколадтты құйып, қолда бар жемістермен сәндеп дастарханға қоямыз.
TAGAMDAR.KZ
Пікір 1