ТЕФТЕЛИДІ ҚАЛАЙ ӘЗІРЛЕЙМІЗ?
* Сиыр етінен фарш — 500 гр;
* Күріш — 60гр;
* Жұмыртқа — 2 дана;
* Пияз — 1 дана;
* Сәбіз — 1 дана;
* Томат пастаса — 2 ас қасық;
* Қаймақ — 2 ас қасық;
* Өсімдік май;
* Дәміне қарай тұз, бұрыш, бәмдеуіштер;
Дайындау жолы:
✔ 1. Сәбізді үккіштен өткізіп, пиязды майда етіп тураймыз. Пиязды сәбізбен бірге алтын түске енгенше майға қуырамыз. Пияз күйіп кетпеуі керек. Күрішті жуып, салқын су құйып, тұздап пісіріп аламыз (су күріш деңгейінен екі елі асып тұруы керек). Фаршқа қуырылған пияз-сәбізді, күрішті, жұмыртқаны, дәмдеуіштерді салып, араластырамыз.
✔ 2. Дайын болған фарштан дөңгелек пішіндер жасаймыз. Табаны қыздырып, өсімдік майына тефтелилерді екі жағын қызартып қуырып аламыз. Қуырылған тефтелилерді кастрюлге орналастырып шығамыз. Томат пастасы мен қаймақты араластырып, үстінен 0,5 литр су құямыз. Дайын соусты тефтели үстінен құямыз. Тефтели бетін біркелкі жауып тұрғаны жөн. Баяу отта бұқтырамыз. Дастарханға ыстықтай ұсыныңыз. Асыңыз дәмді болсын!
reactor.inform.kz
Пікір 2