Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қыстың қақаған суығында үйдің ішін жылы ұстаудың 7 құпиясы

Қыстың қақаған суығында үйдің ішін жылы ұстаудың 7 құпиясы


Үйді жылытудың ең оңай жолы – терезені сүртіп таза ұстау екенін білесіз бе?

Жылы үй – жайлылық пен жақсы көңіл-күйдің кепілі. Үйді жылыту үшін пеш пен арнайы жылыту жүйесі қолданылады. Бірақ сол жылу көбіне бекітілмеген саңылаулы терезелер арқылы да сыртқа кетіп жатады. Ал осы жайды болдырмаудың, яғни терезе жылытудың оңай, қарапайым, қалтаға салмақ салмайтын бірнеше тәсілін біліп алуды ұсынамыз.
Жылы үйден шыққан жанның күні бойына жаурамай жүретінін білесіз бе?!

1. Алдымен терезелердің жақтаулары мен бекітпелерін жөндеуді құрғақ ауа-райында жүргізген жөн. Терезені бекітудегі барлығымыз жақсы білетін танымал қарапайым тәсіл – жақтаудағы саңылаударды мақта мен қағаз арқылы бекітіп тастау. Алайда қазіргі кезде құрылыс дүкендерінде желімі бар әртүрлі қалыңдықтағы арнайы нығыздағыштар да көптеп кездеседі.

2. Ал ең қарапайым, арзан әрі берік етіп бекіту тәсілі – балауыз шам (свеча). Ол үшін майшамды ерітіп (70 градус ыстықта ериді) шприцті ыстық суға бір салып алып, еріген майшамды шприц арқылы саңылауларға жаймен құйып шығу қажет. Ал ол кейіннен терезені ашқанда ешбір қиындықсыз өздігінен түсіп қалады.

3. Ең көрінбейтін тәсіл – терезеде жылу шағылыстырғыш пленканы орнату. Көбінесе терезені сапасыз жинау салдарынан ол төмен, жылу өткізбейтін қасиеттерге ие болады. Ал терезенің бұл қызметін арнайы пленка толтыруы мүмкін. Ол іштегі жылуды шағылыстырып, инфрақызыл сәуле шығару түрінде құрсаулайды.
4. Терезелерді жылытудың ең оңай жолы – оны жуу. Үйдегі жылу тек қана саңылаулар арқылы ғана емес, инфрақызыл сәулелер түрінде де шығып кетеді. Ал таза шыны сыртқа жылуды жіберетін инфрақызыл сәулеленуге бөгет жасайды. Сондықтан әйнекті таза сүртудің тиімді жолы шамамен 1 литр суға 3-4 тамшы сірке суын араластырып, тазартып, артынан жұмсақ шүберекпен сүртіп алу немесе қазіргі түрлі әйнек тазартқыштарды қолдану.

5. Сондай-ақ терезеден жылу сыртқа шығып кетпес үшін ондағы құлыпқа да мән берген жөн. Бұл көбіне заманауи пластикалық терезелерде көптеп кездеседі. Ондағы орнатылған құлыптың жөнділігін тексеріңіз. Мүмкін оның босап кетуі үйдің жылымат жатуының бір себебі болар?!

6. Ал қатты суықта әйнекке мұқ қату мен тершеңдігінен құтылу үшін 10 шай қасық этил спиртіне 1 шай қасық глицерин қосып ішкі жағынан сүртіп, артынан жұмсақ шүберекпен құрғатып алу керек. Сонымен бірге мұз қатқан терезелерді толықтай мұзы ерігенше тұзды сумен сүртіп, артынан құрғақ шүберекпен тазартқан дұрыс.

7. Қосарлы ағаш терезе жақтауларының арасына 2-3 жерге шүберекке түйіп немесе кішкентай қалташаларға 1 ас қасық тұз салып қоятын болса, ондағы әйнектерге мұз тұрмайды. Сондай-ақ әйнекті сыртқы жағынан спиртпен сүртіп қоятын болса да, ішкі жағынан мұз қатпайды. 

Міне осы қарапайым тәсілдер бір керектеріңізге жарасын. Үйлеріңіз жылы, жайлы, көңілдеріңіз көтеріңкі болсын!
Аударған: Эльмира Базарбаева,
ERNUR.KZ

22 желтоқсан 2018 ж. 980 2

Гость JeaOrer от 16 ақпан 2019 23:44
Propecia Picadura Cialis Generique 10mg Canada Pharmacy tadalafil cialis from india Dog Keflex Side Effects

Гость JeaOrer от 7 наурыз 2019 02:36
Informacion Sobre La Viagra generic cialis from india Priligy Pharmacy Long Term Side Effects Of Propecia