Кімнің ұялы телефоны бұғатталады – Дәурен Абаев жауап берді
ҚР ақпарат және байланыс министрі тіркеу төңірегінде кімнің ұялы телефоны бұғатталуы мүмкін екенін айтты. Абаевтың сөзінше, бірдей IMEI-коды бар аппараттарда байланыс үзіледі, деп хабарлайды Today.kz.
"ҚР көп азаматы үшін қиындық тумайды. Дәл Жаңа жылда болмаса да, қиындық болуы мүмкін. Уәде береміз. Жаңа жылдан кейін.
Бірнеше IMEI-код, бір IMEI-коды бар бірнеше телефон ұстап жүргендер... Бұл контрабандноны біреу басқа жақтан әкелетінімен байланысты. Контрабандно 200 телефон әкеліп, бәріне бір IMEI-код қояды. Міне, қиындық соларда тууы мүмкін
Бірақ бәрі Қазақстан азаматтары, көбі дилерлерден, өздері танитын адамдардан телефон сатып алады", – деді министр.
Оның сөзінше, бұл тұрғыда уайымдаудың қажеті жоқ, өйткені көлеңкелі нарықта ондай телефон көп емес.
Естеріңізге салайық, Абаев қазақстандықтар Жаңа жыл түні байланыссыз қалмайтынын айтып уәде берді.