Балшықтың (глина) түрлері, емдік қасиеттері және қолданылуы
Нәзік жандылар бетке жағып, қолданып жүрген балшықтың түрлері мен емдік қасиеттері және қолдануы туралы пайдалы мәлімет ұсынамыз.
Әйелдер керемет косметикалық құрал деп қарастыратын балшық емдік зат ретінде де танымал. Балшықтың көмегімен көптеген ауруларды, оның ішінде варикоз, остеохондроз, асқазан-ішек аурулары мен көптеген басқа ауруларды емдеп, алаңдаушылық белгілерін жеңілдетуге болады.
Балшықтың емдік қасиеттері және оны дәрілік мақсатта қолдану
Балшықтың емдік қасиеттері жайлы көне заманның көптеген дәрігерлерінің шығармаларында кездеседі. Біздің ата-бабаларымыз балшықты компрес түрінде, әртүрлі ауруларды емдеуге арналған ұнтақ ретінде, тіпті ішке де қолданған.
Қазіргі уақытта сазды дәрілік мақсатта қолданудың ғылыми әдістері әзірленді, оны қолданудың белгілері мен қарсы көрсеткіштері анықталды. Бүгінде балшықтың түрлі сұрыбы косметикалық мақсатта кеңінен қолданылады.
Емдік қасиеттеріне байланысты балшық жиі асқазан-ішек жолдарының ауруларын, әртүрлі улану мен семіздікті емдеуде қолданылады. Мысалы, ақ балшықты бетке жағатын опа-далап пен маскалардың, басқа да косметикалық өнімдердің құрамына қосады.
Емдің балшықтың әртүрлі түрлерінің емдік әсері олардың физикалық-химиялық қасиеттерімен түсіндіріледі. Балшық улы заттарды сіңіретін жақсы сіңіргіш. Сондықтан оны улану кезінде қолдануға болады.
Оған тән төменгі жылу өткізгіштік қасиет мысалы, кенеп маталар секілді жиі ауыстыруды талап ететін салқындатқыш компресстерде пайдаланылады. Сонымен қатар, балшық қабыну ошақтарына оң әсер етуі мүмкін.
Бірақ барлық сазды емдік мақсатта қолдануға болмайды. Әрбір ауру үшін оның арнайы бір сұрыбын пайдаланады. Оның үстіне сазды медициналық рәсімдерге дұрыс дайындау қажет.
Мұнда біз сіздерге саздың қандай түрлері болатынын және әртүрлі сорттағы балшықпен нені емдеуге болатынын түсіндіреміз.
Саздың әр сұрыбының шығу төркіні әртүрлі. Олар слюдалардың, шпаттың, мәрмәрдің, каолониттердің кейбір сұрыбынан қалыптасады. Осыған байланысты сал-балшық түрлі түстерге ие болады:
Ақ саз. Оның құрамына каолинит минералы кіреді. Ақ балшық жоғары сіңіргіштік қабілетке ие, сондай-ақ оның антисептикалық және бүркеуіш әсері бар.
Сары балшық. Саздың бұл түрінің құрамында натрий, күкірт және үш валентті темір бар. Балшықтың сары сұрыбы остеохондроз, асқазан-ішек жолдары аурулары мен инсульт, мигренді емдеуде қолданылады. Косметологияда оны қабынуды басып және теріні сергітетін, зат алмасу жүйесіндегі заттарды тері арқылы шығаратын құрал ретінде кеңінен қолданады. Сары балшық целлюлитпен күресуге көмектесетіндіктен, косметологияда да қолданылады.
Қызыл балшық. Мыс, калий және темірдің алюминий-кремний қосылыстары сазға қызыл түс береді. Бұл түрдің сіңіргіш қасиеті төмен болғанымен, бірақ құрамында темірдің болуына байланысты темір жетіспеушілікке пайдалы.
Сонымен қатар, қызыл саз гипотония, жүрек-тамыр аурулары және тамырдың варикозды созылуында қолданылады. Аллергиялық бөртпелерге де жақсы көмектеседі.
Жасыл саз. Құрамындағы мыс пен темір оксиді балшықтың бұл түріне жасыл түс береді. Бұдан басқа, жасыл балшықтың құрамында мырыш, фосфор, кобальт, магний, кальций, алтын және күміс бар. Жасыл балшық косметологияда майлы теріні терең тазалау құралы ретінде кеңінен қолданылады. Сондай-ақ, ісікті жақсы кетіріп, май бөлінуді төмендетеді және терідегі ұсақ тесіктерді тарылтып, әжімдерді тегістеп, терідегі қан айналым мен зат алмасуды жақсартады.
Көк саз. Балшықтың бұл сұрыбының құрамында кобальт пен кадмий тұздары көп болғандықтан оның түсі көк. Көк балшық бұлшықет әлсіздігін жеңілдетуге, буындардың қозғалғыштығын жақсартуға және зат алмасуды қалыпқа келтіруге қабілетті.
Ол семіздікті, гипотиреозді, қатерлі ісіктер мен радиацияның әсерінен пайда болған ауруларды кешенді емдеу үшін қолданылады. Сонымен бірге, көк саз косметологияда қолданылады. Ол терінің зат алмасуын жақсы белсендіреді, жергілікті қан айналымын жақсарта отырып, өлі жасушаларды майдан босатып, тазартады, сондай-ақ қабынуды кетіреді.
Қара балшық. Бұл саздың құрамында көміртегі мен темірдің болуына байланысты түсі қара болады. Бұлардың құрамы неғұрлым төмен болса, түсі соғұрлым ашық. Яғни, балшықтың құрамында темір мен көміртегі аз болса, оның түсі сұр болады. Қара сазды қабыну аурулары кезінде, дене температурасы көтерілгенде, тахикардия, дерматит кезінде қолданады. Ал косметологияда құрғақ және солып қалған теріні сергітіп, ылғалдандыратын құрал ретінде қолданылады.
Қоңыр саз. Қара балшық секілді қоңыр балшықтың құрамында да көміртегі мен темір бар, бірақ басқа пропорцияда. Бірақ, екеуінің де пайдалануға арналған нұсқаулары бірдей.
Табиғи сазбен емдеу массаж, гидротерапия, ароматерапия, күн және әуе ванналары, сондай-ақ табанға рефлекторлық әсер етумен біріктіріледі.
Сазбен емдеудің көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштері
Саз емдік құрал ретінде кеңінен қолданылады. Соның ішінде тыныс алу жүйесінің аурулары, атап айтқанда бронхит, бронх демікпесі, гайморит, фронтит, тіпті баспаны да емдеуде пайдаланылады. Балшық қимыл-тірек аппараты ауруларында – радикулит, неврит, невралгия, артрит, сондай-ақ дене көгеріп, буындар шыққанда да қолданылады. Ал асқазан-ішек жолдарының аурулары сыртқа және ішке қолдану арқылы емделеді.
Сонымен бірге, артериялық гипертензия, нейроциркуляторлық дистония сияқты жүрек-тамыр аурулары да сазды ем қолданудың көрсеткіші болып табылады. Балшықты тері ауруларын, соның ішінде аллергияны, несеп-тас ауруы мен бас сақинасы, тіпті тіс ауруын емдеуде қолданады. Ең бастысы, балшық әртүрлі косметикаға қосылады.
Бірақ, сазбен емдеу қаншалықты зиянсыз болғанымен, оның өзінің қарама-қайшылық көрсеткіштері бар. Бұл ең алдымен өткір қабыну аурулары, туберкулез, қан аурулары, функциялардың бұзылуына байланысты туындаған созылмалы бүйрек аурулары, декомпенсация кезеңіндегі жүрек ақаулары, анықталған атеросклероз болуы мүмкін.
Сондықтан балшықты қалай пайдалану керектігі бойынша көрсетілген барлық ұсыныстарды, сондай-ақ рәсімдерді орындау кезінде және әсіресе ішке пайдалану кезінде міндетті түрде дұрыс мөлшерді сақтау керек.
Табиғи балшықпен үй жағдайында қалай емдеу керек
Балшықпен үй жағдайында емдеу үшін, топырақтың радиация мен бактериалды бақылаудан өткеніне сенімді болу үшін дәріханада сатылатын табиғи сазды сатып алу керек. Егер сазды өз бетінше дайындауды шешсеңіз, оны мұқият тазалап алуыңыз қажет. Ол үшін балшықтағы тастарды, өсімдіктердің қалдықтарын және одан тыс қалған қоспаларды алып тастаңыз.
Содан кейін қоспалардан тазаланған балшыққа суық су құйып, жақсы араластырып, тұндырыңыз. Сосын суды мұқият төгіңіз. Су төккеннен кейін ыдыстың түбінде қалың масса қалады. Ал оның үстіңгі бөлігіне – бізге керек саз қалыптасады. Сондықтан, оны мұқият сүзіп алып, қалған құмды тастау керек.
Содан кейін алынған массаны кептіруді ұмытпаңыз. Балшық күн энергиясын сіңірсін десеңіз, оны күннің астына кетірген жөн. Сосын балшықты бөліктерге бөліп, ұнтақтап, таза және құрғақ ыдысқа салып, сақтаңыз.
Әдетте балшық компресс, лосьон, бетке тарту, маска, уқалау түрінде қолданылады. Сондай-ақ, ағзадағы токсиндер мен басқа да зиянды заттарды шығарып, тазартуда қолданады.
Балшық халықтық емдеу құралы ретінде: компресстер мен денеге басу
Балшық компресі. Бұл халықтық құралдарды балшықпен қолданған кезде, денеге ылғалды шүберек немесе дәке сулығын қою керек. Содан кейін оның үстіне қалыңдығы 2 см балшық, клеенка және мақта қабатын төсейміз де, компрессті дәкемен немесе шарфпен ораймыз. Рәсімнің ұзақтығы – 2 сағат.
Балшық таңу. Балшықпен емдеудің осы әдісін қолданбас бұрын, денесі ыстық суға малынған шүберекпен алдын ала булап алу қажет. Содан кейін ауырған жерді мақта немесе кенек матамен жауып, оның үстіне қалыңдығы 2 сантиметр суық балшық төсейміз. Компресс секілді бұны да дәкемен немесе шарфпен ораймыз.
Балшықпен емдеудің халықтық рецептілерін қолданғанда, балшық ұнтағы мен шарларды немесе ерітіндіні ішке, ал балшық жапасы мен жүзгінді сырқа қолдану керектігін ұмытпаңыз.
stan.kz