Телефонның батареясын не себептен нөлге дейін тауысуға және құрылғыны неліктен түні бойы тоққа қоюға болмайды. Осы сұрақтарға жауап ретінде Stan.kz ақпараттық агенттігі телефон батареясын ұзақ пайдалану жөнінде 6 кеңес ұсынады.
Бүгінде көптеген смартфондар литий-ионды және литий-полимерлі аккумулятормен жабдықталған. Олардың негізгі проблемасы тозып, ескіруінде. Және сіз гаджетті қалай қолдансаңыз да, оның аккумуляторы қайткен күнде де өз сыйымдылығын жоғалтады. Бұл процесті тоқтату мүмкін емес, бірақ оны бәсеңдетуге болады.
1. Телефонның батареясын 0%-ға дейін түсірмеңіз.
Батареяның қызмет ету мерзімі қайта зарядтау циклінің санына байланысты. Цикл бойынша, батарея 100% -ға дейін зарядталады, ал қуаты толық таусылғанда 0%-ға түседі. Орташа алғанда, заманауи смартфондардың батареялары осындай 400-500 циклге есептелінген, содан кейін сыйымдылығының азайғаны айтарлықтай байқала бастайды. Дегенмен, батареяны нөлге дейін өшірмесеңіз цикл саны әлдеқайда жоғары болады. Мұнда зарядтың бітуінің тереңдігі маңызы рөл ойнайды. Ол пайызбен өлшенеді және жұмсалған заряд деңгейіне тең. Яғни, егер смартфон батареяның 30% -ын көрсетсе, онда зарядтың бітуінің тереңдігі 70%-ды құрайды. Дәл осы заряд бітуінің тереңдігінің азаю циклдің санын көбейтуге мүмкіндік береді. Сол сияқты, телефонды 100%-ға дейін толығымен зарядтау да, батареяның қызмет мерзімін біртіндеп қысқартады. Сондықтан 40-80% зарядты сақтау литий батареялары үшін оңтайлы болып саналады.
2. Смартфонды түні бойы зарядтауға болмайды.
Смартфонды түні бойы зарядтауға кеңес бермейміз. Бұнда мәселе орынсыз 100%ды зарядта емес. Сіз арнайы қосымшалар арқылы тек 80%-ға дейін зарядтауға рұқсат етілген режимді орната аласыз. Бірақ бұл сонда да батареяның күйіне кері әсер етеді. Тіпті, заряд жоғалса да желіге қосылған смартфон оны бірден толтыруға тырысады. Ал бұл процесс түні бойы қайталанып, батареяны демалтпайды. Егер жағдайларға байланысты телефонды түнде зарядтауға мәжбүр болсаңыз, ешқашан гаджетті жастықтың астына қоймаңыз. Себебі, ауа ағынының болмауы шамадан тыс қыздыруға алып келуі мүмкін. Ал ол тек батареяның тозуын тездетіп қана қоймайды, сонымен бірге өрт қаупін тудыруы мүмкін.
3. Құрылғыны қыздырмаңыз.
Жоғарыда айтылғандай, шамадан тыс қызу батареяға ешқандай жақсылық әкелмейді. Жоғары температура кезінде батарея сыйымдылығын жоғалту айтарлықтай жылдамдайды. Бұл жағдай әсіресе, смартфондар күн сәулесінің әсерінен қызатындықтан, жаздың ыстығында көп орын алады. Сондай-ақ, зарядтау кезінде жылу көздерінің әсер етуі де батареяны құртады. Батарея үшін бұл ең стресстік жағдай, себебі сыртқы факторлардың әсерінен оны пайдалануға рұқсат етілген ең жоғары температура нормадан асып кетуі мүмкін. Ал оның салдары тіпті өрт тұтануға дейін алып келеді.
4. Смартфонды төмен температураларда қолданбаңыз.
Смартфонды төменгі температурада қолдану ұсынылмайды. Бұл берілетін энергия қорының азаюына және тиісінше, батареяның қуатының таусылуына әкеледі. Сол себептен де өндірушілер заманауи гаджеттерді көшеде минус температурада қолданбауға кеңес береді.
5. Түпнұсқалы зарядтау құрылғысын пайдаланыңыз.
Басқа гаджеттердің зарядтау құрылғыларын пайдалану да батареяға айтарлықтай зиян тигізуі мүмкін. Әсіресе арзан зарядтау адаптері қауіпті. Мұндай құрылғыларда өте төмен сапалы құрамдас бөліктер болады. Ал олар қажетті тоқ күшін қамтамасыз ете алмайды немесе кернеу айырымынан қорғай алмайды. Жылдам зарядтау технологиялары дами бастағалы түпнұсқалы емес зарядтау құрылғысын пайдалану мәселесі барған сайын ушығып барады. Себебі, әртүрлі смартфон әртүрлі зарядтау режимін пайдаланады. Сондықтан, әр смартфон өзінің адаптері мен кабелін талап ететіндіктен, телефондарды өзіне тиесілі құрылғымен зарядтау керек.
6. Батареяны сақтау ережесін ұстаныңыз.
Литий негізіндегі батареялар тіпті қолданылмаса да, ескіріп, сыйымдылығын жоғалтады. Сондықтан болашақта қосалқы батареяларды сатып алудың ешқандай қажеті жоқ. Бұл сондай-ақ, қолданылмай тұрған гаджеттерге де қатысты. Ал олардың батареялары мүмкіндігінше аз тозсын десеңіз, арнайы сақтау ережелерін сақтау керек.
Атап айтқанда, пайдаланылмаған гаджеттер мен жекелеген батареяларда жоқ дегенде 25 пайыз заряд болу керек. Дұрысы- 40-50% деңгейінде. Сонда телефон бір жыл қолданылмаса да оның сыйымдылығы бірнеше пайызға ғана азаяды. Бірақ, егер аккумулятор 100%-ға зарядталған болса, жоғалту үш-төрт есеге, әсіресе жоғары температура кезінде жоғарылауы мүмкін.
Смартфон пайдаланушысына арналған кеңестер – Мүмкіндігінше гаджеттің зарядкасы 40% болғанда тоққа қойып, 80% -ға толғанда алу керек. – Телефонды түні бойы зарядкада қалдырмауға тырысыңыз, оның орнына таңертең тоққа қойғаныңыз дұрыс болмақ. – Смартфонды суықта қолданбаңыз және корпустың сыртын қызып кетуден сақтаңыз. – Смартфондармен бірге келетін зарядтау құрылғысын ғана пайдаланыңыз, әсіресе флагмандық жағдайда. – Пайдаланылмаған гаджеттерді жиі 40-50% деңгейіне дейін зарядтап тұрыңыз.
Пікір 1