Гаджеттерді қалай дұрыс қуаттау керек?
Жоғары технологиялар ғасырында заманауи телефон немесе ноутбуксыз өмір сүру қиын, алайда ең тамаша делінген құрылғының да кемшіліктері болады: қуаты тез таусылып қалады.
Заманауи гаджеттер ұзақ әрі өнімді жұмыс істеуі үшін оларды қалай дұрыс қуаттау керектігі жайлы бірнеше кеңес:
1. Құрылғыны жиі қуаттаңыз
Батареясы толық отырып қалуына дейін жеткізбеңіз. Заманауи гаджеттерде қолданылып жүрген литий-иондық аккумуляторларда есте сақтау әсері деп аталатын әсер жоқ, сондықтан оларды қуаты сөнгенше ұстамай, жиі қуаттап отыру керек.
Көптеген өндірушілер литий-иондық аккумулятордың жарамдылық мерзімін қуаты қанша рет толықтай өшкенінің (0%-ға дейін) циклімен санайды. Сапалы аккумуляторлар үшін бұл 400-600 цикл. Литий-иондық аккумуляторыңыз ұзақ уақыт бойы сізге қызмет еткенін қаласаңыз телефоныңызды жиі қуаттап отырыңыз. Ең дұрысы, батарея қуатының деңгейі 10-20%-дан төмендесе телефонды қуаттағышқа қоюға болады. Бұл аккумулятордың отырып қалу циклін 1000-1100-ге дейін төмендетеді.
2. Құрылғыны қуаттағыштан уақытында алыңыз
Гаджетіңіз 50-80%-ға дейін қуатталып отыратын болса ұзағырақ қызмет ететін болады. Егер аккумулятор 100%-ға дейін қуатталса, оны уақытында тоқтан алған жөн, өйткені бұл фактор батареяның қызмет ету ғұмырына әсер етеді. Сондықтан құрылғыны түні бойы қуатталуға қалдырмауға тырысу керек.
3. 3 айда бір рет құрылғыны 100%-ға дейін қуатын отырғызып, қайта қуаттандыру керек.
Нөлге дейін қуатын отырғызу сияқты, ұзақ уақыт бойы толықтай қуаттандыру да литий-иондық аккумуляторлар үшін зиян. Құрылғыны тұрақсыз қуаттандыру процесстерінен (біз көбіне телефонды қалай болса солай қуаттандырамыз: кейде USB арқылы, розеткадан, сыртқы аккумулятордан және т.б.) мамандар 3 айда бір рет аккумуляторды толықтай отырғызып, қайта 100%-ға дейін қуаттандыруды және солай қуаттандырғышта 8-12 сағат ұстап тұруды ұсынады.
4. Гаджеттің өзінің қуаттағыш құрылғыларын пайдаланыңыз
Көп жағдайда қуаттағыш құрылғы мобильді құрылғыларға тікелей орналасқанын, ал сыртқы желілік адаптер күш түсуді жеңілдетіп, тұрмыстық электрожелінің тоғын түзететінін, яғни батареяға тікелей әсер етпейтінін біреу білсе, біреу білмейді.
Кейбір гаджеттер, мысалы сандық фотокамералар, іштей орнатылған қуаттағыш құрылғыдан айырылған, сондықтан олардың литий-иондық аккумуляторларын сыртқы қуаттағышқа орналастырады. Дәл осы жағдайда сапасыз қуаттағышты пайдалану батареяның еңбекке қабілеттілігіне кері әсер етуі мүмкін.
5. Қатты қыздырмауға тырысыңыз
Литий-иондық аккумуляторлардың басты жауы жоғары температура: қатты қызуға төзімсіз. Сондықтан мобильді құрылғыларға күн сәулесінің тікелей түсуіне жол бермеңіз, сонымен қатар жылу құбырларының жанына тастамаңыз. Литий-иондық аккумуляторларды пайдалануға болатын температура мөлшері — 40 °C-тан + 50 °C-қа дейін.