Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ​ЖҰЛДЫЗНАМА БЕЛГІСІ БОЙЫНША ЕҢ МЫҚТЫ ТӘУЕЛДІЛІК

​ЖҰЛДЫЗНАМА БЕЛГІСІ БОЙЫНША ЕҢ МЫҚТЫ ТӘУЕЛДІЛІК


Өзіміз мойындамасақ та, барлығымызда да қандай да бір тәуелділіктің бар екені рас. Бұл біздің жеке қасиеттерімізге тікелей байланысты, ал астрология мен жұлдыз жорамал бұл мәселеде шешуші рөл атқаратыны және бар. Жұлдызнама белгісі бойынша сізде қандай тәуелділіктер бар екенін анықтап көрелік.

Кез келген тәуелділіктен оңай құтылуға болады, алайда тәуелділіктің барлығы дерлік зиянды немесе уытты емес. Десе де, сырт көзге қалай көрінетіндігіне көз жүгіртіп көрелік.

Тоқты

Тоқты тәуекелсіз өмір сүре алмайды, оны адреналиндік нашақор деп атауға да болады. Адреналинді қаншалықты көп алады, соншалықты ол өзін жақсы сезінеді, сол себепті тоқты әдайым қиындықтар мен тосын жайттарды іздегіш. Оның тәуекелге бой алдыруы көпшілік жағдайда қауіпті емес, жәй ғана тоқты өз жүйкесін сәл де болса да шымырлатқанды ұнатады.

Торпақ

Торпақ әдетте жақсы сезімдерді бастан кешіргенді ұнатады. Олар ақшаны қымбат балауыздарға, төсек жаймаларына, гүлге жұмсап, эстетиканы бағалай біледі. Өзін еркелетіп, спа-салондар мен сауналарға да жиі бас сұққанды қалайды.

Егіздер

Егіздер әлеуметтік желілерге тәуелді және олар күндіз-түні сол жерден шықпай өмір сүргенді ұнатады. Олар өз ойын жазып, айтып, адамдармен сөйлескенді қалайды. Виртуалды танысуларға да көп уақытын жұмсайды. Егіздер өзгелердің жеке мәліметтерін оқып, адамдар туралы ақпараттар жинағанды да ұнатады.

Шаян

Шаяндар өз серіктестері уытты болса да, оларға тәуелді күй кешеді. Шаян жалғыздықтан гөрі сәлемі дұрыс болмаса да, қарым-қатынаста болғанды қалайды. Бәрі біткен күннің өзінде де олар бүлінген нәрсені не қатені түзеуге тырысып бағады.

Арыстан

Арыстан өзгенің назарына тәуелді. Егер бұл назарды ол өзіне жеткілікті дәрежеде ала алмаса, ол үзіліс жасап, эмоционалды-драмалық жағдай туғызады. Ол адамдар алдында өзін жақсы көрсетуі үшін қолынан келгеннің бәрінен де аянып қалмайды.

Бикеш

Бикеш компаниядағы ең ақылды адам болғанды қалайды. Білім - күш, міне, дәл осы күш бикешті масайтады. Ол өзінің ақылы мен парасатын кей кездері шамадан тыс қолданып жібереді. Олар бәрін де әдеттегіден барынша жоғары деңгейде орындағанды қалайды. Олардың тәуелділігі - мінсіздікке ұмтылу екені анық.

Таразы

Таразылар - өз гаджеттерінің ақылсыз жанкүйерлері. Олар қоғамда болған кезде, әлеуметтік желілерді немесе достарының хабарын көру үшін телефонды немесе планшетті мұрынға көміп қоюдан тартынбайды. Олар өздерін ыңғайсыз сезінгенде немесе қарсыласудан аулақ болғысы келгенде өздерін дәл осылай ұстайтыны анық.

Сарышаян

Сарышаян өз құмарлықтарына тәуелді. Бұл белгi әрдайым қалаған нәрсеге қол жеткiзедi - кез келген жағдайда, тіпті дұрыс емес болғанның өзінде де. Сарышаян өз қарсыласының жаман жақтарын айтып, шұқып алғанды тәуір көреді және ештеңеден именбейді.

Мерген

Мерген жаңа тәжірибе алу мен өзгеріс үдерісіне тәуелді. Егер ол ұзақ уақыт бойы бір жерде болса, оның іші пысады әрі оған қызықсыз болады. Мергендер жаңа адамдармен кездесуден ләззат алып, таныс емес нәрсені сезінуге тырысады. Көп нәрсені көргені, ұстағаны анағұрлым оларға қызығырақ.

Тауешкі

Тауешкінің ең мықты тәуелділігі - бұл жұмыс. Ол жұмысты жаны сүйеді, ал демалыс оны қызықтырмайды. Бұл тәуелділік әсіресе тауешкі өз жұмысын баяулатып, өзінің денсаулығына және жақын туыстарына назар аудара бастаған кезде өте қауіпті болуы мүмкін.

Суқұйғыш

Суқұйғыш, әдетте, жаңа технологияларға тәуелді. Ол жаңа гаджетті алу үшін барлық мүмкіндікті жасайды, өйткені барлық жаңа технологиялар оның жұмысының жақсы болуына бір себепкер болары анық және де оның жеке өнертабыстар мен инновацияларға жетуіне жол ашады.

Балықтар

Балықтар көптеген тәуелділікке ие және олардың немен айналысатындығы көңіл-күйлеріне тікелей байланысты болады. Олар кәдімгі денсаулыққа зиян әкелетін тағамды жеп, ішімдік ішіп, тәулік бойы диванда жатуға бар. Олар өздерін шабыттандыра алған кездері сәтті жұмыс істеуі мүмкін, ал басына қиындық туса салы суға кетіп, өздерін жоғалтып алады.

Дереккөз: Flytothesky.ru
05 қараша 2018 ж. 4 811 0