Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Мінсіз әйел болудың 10 жолы

Мінсіз әйел болудың 10 жолы

Алланың разылығын тауып, жұбайының көңілінен шығып, жақсы ұрпақ тәрбиелеп өсіру – әрбір қыздың арманы. Ал ол үшін не істеу керек? 

✅ 1. Жиі дұға етіңіз. 

Құлшылық пен дұға – тек отбасында ғана емес, барлық ісіңізде береке мен сәттілікке алып баратын бірден бір жол. Иманы берік адамға шайтан жолай алмайды. Ал шайтанның ең сүйікті ісі – ерлі-зайыптыларды ұрыстыру екені белгілі. 

✅ 2. Күйеуіңізді сыйлаңыз. 

Алланың разылығын күйеуіңіздің разылығынан табасыз. Ер адамға қарсы шығып, оны төмендетіп, еркектік намысына тиіп отбасылық бақытқа ешқашан жете алмайсыз. 

✅ 3. Күйеуіңізге қолдау көрсете біліңіз. 

Кез келген мәселеде жар ғана емес, арқа сүйер сырлас досы, ақылшысы әрі жанашыры болыңыз. 

✅ 4. Әдемі болып жүріңіз. 

Өз-өзіңізге көңіл бөліп, әйелге тән нәзіктігіңіз бен сұлулығыңызды жоғалтып алмаңыз. 

✅ 5. Шүкіршілік етіңіз. 

Ерінің тапқан табысына үнемі көңілі толмай, «жоқты» айта беретін әйелді еркек ұнатпайды. Сондықтан Алланың берген ризық-несібесіне шүкіршілк етіп, қолдағы барды қанағат тұтыңыз. 

✅ 6. Күлімдеп жүріңіз. 

Әрқашан күлімдеп жүруге тырысыңыз. Әсіресе жарыңыз жұмыстан шаршап келгенде жылы жүзбен қарсы алыңыз. 

✅ 7. Үй шаруасына ұқыпты болыңыз. 

Таза үй, дәмді ас пен тап-тұйнақтай балалар үйдің берекесін кіргізеді. 

✅ 8. Ашуға жол бермеңіз. 

Түсіністік пен реніш туа қалса, сабырлылық танытып, ашуыңызды ақылға жеңе біліңіз. 

✅ 9. Кешірімді болыңыз. 

Болмашы нәрсеге ренжіп, оны айлап, жылдап ішіңізде «жинап» жүрмеңіз. Болған нәрсені тез ұмытып, оңай кешіре біліңіз. 

✅ 10. Қайынжұртыңызбен тату болыңыз. 

Кейбір отбасылардағы ұрыс-керіс дәл осы «менің анам, сенің анаң» дегеннен туындайды. Сондықтан ата-енеңізді, аға, әпкелеріңізді барынша сыйлап, олармен жақсы қарым-қатынаста болыңыз.
01 желтоқсан 2018 ж. 1 345 1

Гость JeaOrer от 15 наурыз 2019 04:24
Amoxicillin Adverse Food Reactions Achat Lasix Prezzo Cialis Farmacia Svizzera buy cialis Cialis 20mg Preis