Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ОТБАСЫНЫҢ НƏПАҚАСЫ - ОТАҒАСЫНЫҢ МОЙНЫНДА!

ОТБАСЫНЫҢ НƏПАҚАСЫ - ОТАҒАСЫНЫҢ МОЙНЫНДА!


Еркек үшін ең үлкен садақа – отбасына жұмсаған қаражаты болмақ әрі кәсіп қылған еркек – Алланың сүйіктісі. Еркектің табысында, шешімінде береке болады. Тіпті, Құран аяттарында еркектің қарамағындағылар үшін қаражат жұмсауы себебінен артық етілгендігі айтылады. «Ер адамдар әйелдерді – Алла оларға бір-бірінен артықшылық бергені әрі олар мал-дүниелерінен жұмсауы себепті – басқарады». («Ниса» сүресі, 34-аят). 
«Бірде Саxабалар Пайғамбармен (оған Алланың игілігі мен сәлесі болсын) бірге отырғанда олар бір нәпақа іздеп шыққан төзімді әрі қайратты жас жігітті көріп: «Мына жігіт өзінің жастық шағы мен күш-жігерін Алла жолында жұмсаса еді» деді. Сол кезде Алланың Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлесі болсын): «Егер ол үйінен өзінің балиғатқа жетпеген бала шағасын асырауға шықса, ол Алла жолында. Егер өзіне ризық іздеп шықса ол Алла жолында. Ал егер ол адамдар мақтасын деп елдің назарына түсу үшін шықса шайтанның жолында» (Табарани) деді. 
Сонда ер азаматтың отбасын асырау үшін тапқан əрбір адал табысы құлшылық саналады екен!
26 мамыр 2018 ж. 1 838 0