Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№77 газет

11 қазан 2025 ж.

№ 76 газет

07 қазан 2025 ж.

№ 75 газет

04 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Қажетіңді сұрағанда оқылатын дұға…

Қажетіңді сұрағанда оқылатын дұға…


Тариқ ибн Әйшәм (р.а.): «Пайғамбарымыз (с.а.у.) тілін кәлимаға келтіріп, мұсылман болған кісіге алдымен намаз оқуды үйрететін. Содан кейін: «Аллаһуммағфир ли уархамни уәһдини уә афини уарзуқни» (Уа, Алла тағалам! Мені жарылқап, кешіре гөр! Мейіріміңе бөлеп, тура жолға сала гөр! Маған тән, жан саулығы мен адал ризық-несібе бере гөр!) – деп дұға етуді бұйыратын еді»,- деп айтты (Муслим, зикр 35).

Басқа бір риуаятта Тариқ (р.а.): «Бірде Пайғамбарымызға (с.а.у.) бір кісі келіп: «Уа, Алланың елшісі! Раббымнан мұң-мұқтажымды сұрағанымда не деп дұға етейін?» – деген еді. Сонда Алла елшісінің (с.а.у.) оған: «Уа, Алла тағалам! Мені жарылқап, кешіре гөр! Мені мейіріміңе бөлеп, тән-жан саулығы мен адал ризық-несібе бере гөр» – деп дұға ет. Расында, бұл дұға дүние мен ақыретке қатысты барлық мұң-мұқтажыңды қамтиды» деп айтқанын естідім», -деген (Муслим, зикр 36).

Дайындаған:”ЕлАна.kz”





27 қаңтар 2018 ж. 7 348 0