Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Торнадо туралы қызықты мәліметтер

Торнадо туралы қызықты мәліметтер

Құрметті оқырмандар Stan.kz ақпарттық агенттігі көптеген адамды бақытсыздыққа ұшыратқан алапат дауыл торнадо туралы қызықты деректер ұсынады. 

Торнадо сияқты жойқын табиғат құбылысы – әлемдегі ең қауіпті апаттардың бірі.

Мұндай талқандағыш құйынды тоқтату мүмкін емес. Ол барлық құрылыстарды ауаға көтеріп, үйлерді талқандап, автокөліктерді лақтырып, алдынан шыққанның бәрін қиратады. Ал, құйындатып келе жатқан торнадодан тек оның бағытынан қашып немесе қауіпсіз жертөлеге жасырыну арқылы ғана құтылуға болады. Сонымен, торнадо жайлы сіз білмеген қызықты деректер ұсынамыз.

1. Әлемдегі барлық елдердің ішінде Америка Құрама Штаты осы табиғи құбылыстардан ең көп зардап шегеді. Жергілікті тұрғындар жыл сайын 700-800 немесе одан да көп үлкен торнадо көреді.

2. 1990 жылы аспаннан құлап түскен сиыр Охот теңізіндегі шағын кемені бір-ақ сындырған болатын. Торнадо сиырды биікке көтеріп, сорып алғаннан кейін босатқанда, ол балық аулайтын кемеге құлаған. Абырой болғанда кемедегі балықшылар зардап шекпеген.

3. Торнадо мен құйын екеуі бірдей, тек атаулары ғана әртүрлі.

4. Торнадо шұңқырының ені оның тікелей қандай биіктікте келе жатқанына байланысты. Судың үстінде шұңқырдың ені әдетте 20-40 метрден аспайды, ал құрлықта 3 шақырымға жетеді.

5. Құйын әрдайым күндіз болады, торнадоның түнде көтерілгені өте сирек кездеседі.

6. Торнадоға қарағанда қарлы және шаңды болып келетін смерч құйындар аз күшіне байланысты әлдеқайда қауіптілігі аз болады.

7. «Құйын» сөзі орыстардың«смърчь» деген ескі сөзінен шыққан, қазақ тіліне аударғанда «бұлт» деп аударылады.

8. Торнадо шұңқырының қабырғасындағы желдің жылдамдығы сағатына 1300 шақырымға дейін жетуі мүмкін. Бұл Жердегі кез-келген дауылдың жылдамдығынан бірнеше есе жылдым.

9. Жыл сайын АҚШ-қа миллиардтаған доллар шығын әкелетін құйын Қазақстан жеріне де келуі мүмкін. Миссурилік климатолог Дэйв Симмонс Астана маңында болған құйынның видеосын зерттеп, осындай тұжырымға келді. Америкалық ғалымның пайымдауынша, енді Қазақстанда жаздың соңына қарай торнадо өтетін болады. Бұл жағдайда бір жұбатарлығы, Солтүстік Америкаға қарағанда, біздің елде үйлер бетоннан тұрғызылған. Сондықтан, торнадо үлкен шығын келтіре алмайды.

10. Ғалымдар орта есеппен шұңқырының диаметрі 1 шақырым болатын торнадода орташа ядролық бомбаның энергиясына тең энергия бар деп есептеді.

11. Әдетте Торнадо ұзақ тұрмайды, бірнеше сағат аласапыран орнатып жоқ болып кетеді. Ресми тіркелген рекорд бойынша ең ұзақ торнадо 7 сағат 20 минут болған.

12. Торнадоның дәл ортасында болып аман қалған адамдар да бар. Олардың барлығы, уақытында қауіпсіз жер тауып аман қалған бақытты жандар.

13. 1879 жылы күшті торнадо болат көпірді түбімен жұлып әкетіп, оны түйіншек етіп байлап тастаған.

14. Торнадо сорып әкеткен қарапайым ағаштың бөлігі биіктіктен құлаған кезде тіпті, кірпіштен жасалынған қабырғаның өзін сындырып тастауы мүмкін.

15. Әдетте Еуропада торнадоны тромба деп атайды.

16. Торнадоның түсі, ол шығаратын дыбыс және оның иісі, бұл аласапын дауылдың нені сорып алғанына байланысты болады.

17. Солтүстік жарты шарда кориолис күші әсеріне байланысты торнадо сағат тіліне қарсы қозғалады. Ал, оңтүстік жарты шарда сағат тілі бойынша айналады. Сонымен қатар кері айналыста болған өте сирек жағдайлар да тіркелді.

18. Торнадо көбінесе су бетінің үстінде қалыптасады, бірақ жер үстінде де болуы мүмкін.

19. Дәл осы торнадо – біздің планетамыздағы ең жылдам жел болып табылады.

20. Торнадо суды және ондағының бәрін сорып ала алады. Соның салдарынан балық пен құрбақалардан тұратын жаңбыр жауады. Бір жолы Аргентина провинцияларының бірінде болған торнадодан кейін аспаннан өрмекші жауған.

21. Өткен ғасырдың бірінші жартысында АҚШ-қа келген торнадо жалпы салмағы 83 тоннаға жететін паравозды вагондарымен бірге көтеріп, лақтырып жіберген.

22. Торнадоның пайда болуын болжау мүмкін емес. Кем дегенде, ешкім де оның қашан пайда болатынын зерттеп, болжай алмады.

23. Торнадоның дәл ортасында ауа тымық кездегідей жұмсақ болады.

24. Үш ғасырдан астам уақыттан бері Юпитерде көлемі Жер өлшемімен бірдей, күн жүйесіндегі ең сұмдық торнадо үлкен қызыл дақ соғуда.

25. Құйындар ешқашан бұлтсыз ауа райында пайда болмайды.

26. Орташа алғанда, торнадо құрлықта шамамен 50 км / сағ жылдамдықпен қозғалады. Бірақ, АҚШ-та бірден үш штатта өткен торнадо 3 сағаттың ішінде 350 шақырымға жеткен.

27. АҚШ-тың Флорида штатының жағалауында күн сайын торнадо пайда болады, бірақ олар әдетте жағаға жете сала тоқтап қалады.

28. Еуропаның Испания, Португалия және Андорра секілді елдерінде ешқашан торнадо болмаған.

29. Ең қуатты торнадо көбінесе құрамдас болып келеді. Яғни, басты құйынның айналасына бірнеше кішігірім дауылдар жиналып, қуатты торнадо құрайды.

30. Күшті өрттердің салдарынан отты құйын секілді қорқынышты құбылыс пайда болуы мүмкін. Оның ортасындағы температура 1000 градусқа жетеді және құйынның аумағындағының бәрі өртеніп бітпейінше, оны сөндіру мүмкін емес.

29 қараша 2018 ж. 1 598 2

Гость JeaOrer от 23 ақпан 2019 08:33
Amoxicillin Vs Strep Throat El Cialis Es Mejor Que El Viagra viagra Cialis Dolores Musculares

Гость JeaOrer от 12 наурыз 2019 11:23
Viagra Pfizer France canadian pharmacy cialis Plavix