Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Қазақ қызы Африкадағы оқушыларға сабақ беріп жүр

Қазақ қызы Африкадағы оқушыларға сабақ беріп жүр

Астаналық Данель Берсебаева Сенегал астанасы Дакарда жергілікті мектептің бастауыш сынып оқушыларына сабақ беріп жүр, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Мен Африкаға үш ай бұрын өз магистратурам бойынша алмасу бағдарламасы арқылы келдім. Мақсатым тек турист болу емес, қызықты волонтерлік жобамен айналысу болды», дейді Данель Jibek Joly телеарнасындағы «Bugin LIVE» бағдарламасында.

Студент қазіргі уақытта балаларға математика, француз тілі, география және ағылшын тілінен сабақ береді. Сонымен қатар мектептерге кеңес құралдарын таратып, құжаттармен жұмыс істейді және демеушілерді тартады.

Сенегалда тез бейімделуге оған Франциядағы магистрант достары көмектесті. Волонтерлік тәжірибеден бөлек, Данель магистратураны аяқтаған соң өз мамандығы бойынша жұмыс іздеуді жоспарлап отыр. Мемлекеттік компаниядан ұсыныс келсе, оны қуана қабылдайтынын айтты.

Фото: видеоскрин



08 желтоқсан 2025 ж. 22 0