Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » 2026 жылы Қазақфильмге қатысты ауқымды өзгеріс болады

2026 жылы Қазақфильмге қатысты ауқымды өзгеріс болады

KAZINFORM — Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы мен Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы біріктірілуі мүмкін. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінен мәлім болды.

— Кезінде Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы құрылған болатын. Мәдениет министрлігі Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясы мен аталған орталықты қосу мәселесін пысықтап жатыр. Өйткені орталықтың басты міндеті – құжаттарды тексеру. 2026 жылы осы екі ұйымды қосып, қайтадан «Қазақфильмге» тарихи міндеттерін орындау мүмкіндігі берілмек, - делінген министрліктің Kazinform агенттігіне берген жауабында. 

Ведомство ақпаратына қарағанда, елімізде иделогиялық тұрғыдан тартымды фильмдерге қолдау жасалады.

Еске салсақ, былтыр Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева «Қазақфильм» киностудиясы тікелей мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру жағы қаралып жатқанын айтқан еді.  


Фото: Ашық дереккөзден
08 желтоқсан 2025 ж. 61 0