Тыртықты кетірудің жолдары
«Тыртық ерлерге сән береді» деген сөз жігіттердің абыройын асқақтады. Ал тыртықтың нәзік жандыларға ұнамасы анық. Денедегі тыртық немесе отаның тігісін қалай кетіруге болады немесе қалай білдіртпеуге болады?
- Жұпар жаңғағы (мускат) ғажайып қасиеттерге ие. Жұпар жаңғағын майдалап уатып, сүтпен және балмен 1:2 қатынасындай етіп араластырыңыз. Тыртық бетіне жаймен жағып, 30 минут ұстай тұрыңыз. Кейін сумен жуып тастаңыз. Күнде 30 минут осы әдіспен күтсеңіз, бірінші аптада нәтиже беруі мүмкін;
- Балдыр тері қабаттарын қайта қалыпқа келтіреді. Терең тігістерді немесе тыртықтарды кетіруге көмектеседі. Аптасына 2-3 рет тыртық бетіне басып отырса болады. Нәтиже бірден білінбейді. Тыртық бетінен оң өзгеріс көру үшін көп қолдану керек;
-Қауын дәндері тыртықты жояды. Алдымен қауын дәндерін жинап, кептіріп, майдалап ұсату керек. Кейін жұмыртқаның қабығын майдалап, ұсақталған қауын дәнімен араластыру қажет. Қоспаның үстіне зәйтүн майын қосып араластырып, қою езбені тыртық бетке жағады да, дәкемен таңып қояды. Бұл әдісті 20 күн бойы жасалуы тиіс. Араға 2-3 апта салып, қайта жалғасады;
- Вишневский жақпа майы тыртықтың орнын тез қалыпқа келтіреді. Бірақ оның тек өзін ғана жағу аздық етеді. Маска әзірлеу үшін жарты шай қасық бал, ас қасық спирт, пышақтың ұшымен Вишневский жақпа майы алып, барлығын араластарасыз. Қоспаны қырыққабат жапырақтарынмен тыртық бетіне басып, дәкемен таңып қояды. Масканы 30 минут ұстай тұрып, алып тастау керек. Бұл әдісті күн сайын немесе күн ара жасап тұруға болады. тек бір ескерте кететін бір жағдай бұл әдісті жаз мезгілінде, ыстық уақытта жасауға мүлдем болмайды;
- Көк топырақ (голубая глина) – тігісті кетіруде көмегі зор. Көк топырақты сумен араластырып, тігіс орнына жағып, кепкенін күту керек. Беті қабырақтан соң, сумен жуып тастау керек. Жақсы нәтиже білінгенге дейін бұл әдісті қолдануға болады;
- Бал мен өсімдік майының қоспасы тыртықтарды кетіруге көмектеседі. Кез келген майға алоэ тамшысын тамызып, оның үстіне бал қосып араластыру керек. Егер бұл әдіс оң нәтиже көрсетсін десеңіз, қоспаны баяу отқа қыздырып алуға болады. Жылы масканы тігіс бетіне жағып қою қажет. 15-30 минуттан кейін жылы сумен жуып тастау қажет;
Егер косметологтардың көмегіне жүгінетін болсаңыз, олар сізге мынадй әдістерді ұсынады:
- дермабразия;
- микродермабразия;
- Z-пластика;
- лазерлі тегістеу;
- мезотерапия;
- буки-терапия;
- криодеструкция;
- химиялық пиллинг, т.б. Бұл әдістер туралы алдағы жазбаларымызда ақпарат беретін боламыз.
Дәрігер тыртықтың не тігістің қалыбына, дәрежесіне қарап, қай әдіспен емдеу керектігін өзі шешуі керек. Оған дейін мына әдістерді жасап көруге болады. Халық медицинасындағы тыртықты кетіру жолдары міне осындай.