Кока коланы үй шаруасында пайдалануға бола ма?
Coca-Cola – әлем нарығындағы бағалы брендтердің бірі. Кейбір елдерде кола судан арзанырақ тұрады. Оның қышқылдығы адам ағзасындағы қышқылды-сілтілік теңдіктің бұзылуына әсер етеді.
Адам коланы күн сайын ішетін болса, артық салмақ, ас қорытудың бұзылуы, жүрек пен өкпе ауруына шалдығуы мүмкін. Тәулігіне ең азы бір рет кола ішетін адамның семіздікке шалдығу мүмкіндігі 31 пайызға, дененің дамуының бұзылуы 30 пайызға, қан құрамындағы қант деңгейінің көбеюі 25 пайызға, холестерин ауруына шалдығу мүмкіндігі 32 пайызға және қан қысымының артуы мүмкін.
Коланың адам денсаулығына зияны көп. Сол себепті оны ішуден бас тартып, үй шаруасына қолдануға кеңес береміз. Коланың көмегімен:
1. Темірде, ванна, бақалшықта тұрып қалатын татты тазартуға болады.
2. Киім, матаға тиген қанды кетіре аласыз.
3. Көліктің майы сіңген асфальт, еденді тазартыңыз.
4. Күйіп кеткен кәстрөл, темір ыдысты тазартуға болады. Ол үшін ыдысты кола құйылған табаққа салып, біраз уақыттан кейін жуыңыз.
5. Көлік қозғалтқышын тазарта аласыз.
6. Тиындардың бетінде қатып қалған кірді тазартыңыз.
7. Фарфор бетіне сіңген дақтарды кетіре аласыз.
8. Хромнан жасалған заттарды тазартады. Ол үшін алюминий фольгасын колаға салып, көліктің хромнан жасалған құралдарын сүртіп шығыңыз.
Пікір 1