Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жүктілік кезіндегі тері күтімі

Жүктілік кезіндегі тері күтімі


Жүктілік кезеңінде теріні күту мен бет және дене терісін күтуді сақтау маңызды рөл атқарады. Жүкті әйелдерге ванна қабылдауға болмайды, әсіресе жүктіліктің екінші жартысында қабылдамау керек. Оңтайлы гигиеналық су ем-шарасы — душ қабылдау. Оны бөлме температурасының суымен шаю және ысқылауымен үйлестіруге болады.
 Нәзік жандылар жүктілік кезеңінде түр мен тері жағдайының өзгерістеріне дайын болуы керек. Олар арнайы косметикалық құралдарды қолдана алуы мүмкін, жүктілік уақытында қарсы көрсетілмеген. Алайда, аллергиясы болып алаңдаса табиғи өнімдермен арнайы маскалар жасағаны дұрыс. Мәселен, зәйтүн, какос, бидай дәні және миндаль майларынан жасалған маскалар денені жақсы ылғалдандырып, терінің қылпты жағдайда ұстауға ықпал етеді. Сонымен қатар жүктілік уақытында денені күтудің бір тәсілі аптасына 1-2 рет қант немесе тұз скрабын жасау. Ылғал денеге масаж жасай отырып жағып, сумен шайып тастайсыз.
 Сонымен қатар, бұл уақыттарда арнайы күнге қыздырынатын алаңдарға бармаған дұрыс. Жағажайларда мейлінше көлеңкеде жүрген абзал. Денені күннен қорғайтын арнайы кремдерді жағуды естен шығармау керек.
 Жүкті әйелдерге абсолютті түрде косметологияда қолданылатын аппаратты әдістемелер, мезотерапия, фотоэпиляция, әлдендіретін және лимфодренажды уқалау, пилинг түрінің барлығы қарсы көрсетілген.
13 қараша 2018 ж. 1 234 0