ЖҰЛДЫЗНАМА БЕЛГІЛЕРІ: СІЗДІҢ ЕҢ ҚАУІПТІ МІНЕЗІҢІЗ
Әр адамның айналасына жағымсыз етіп көрсететін мінезі мен қылығында қауіпті ерекшеліктер бар. Мұндай қасиеттеріңізді білесіз бе? Ендеше, астрологтардың атап өтуінше, нақтырақ айтқанда өз жұлдызнама белгңіздің ерекшеліктерін көрелік.
Тоқты
Тоқтыдағы ең қауіптісі – оның күтпеген эмоционалды ашушаңдығы және ырықсыздығы. Ол ашуланған кезде сөзімен не ісімен адамдарды тіліп өтуі мүмкін. Ол әрекетін ойланып істемейді, осылайша біраз нәрсені бүлдіреді, есесіне тез суиды.
Торпақ
Оның қырсықтығында сөз жоқ. Торпақты өз ойын өзгертуге көндіру қиынның қиыны, демек кішігірім жанжал не реніш күтіп тұр деген сөз. Торпақты толықтай алғанда ашуландыру оңай емес, десе де оның ашуы сұмдық болады.
Егіздер
Олар сенімсіз және ұйымдаспаған. Әрине, егіздер сізді тонамас, бірақ олар сіздің сүйікті алқаңызды алып, жоғалтып алулары да ғажап емес. Олардың жауапкершілігі аз, және де өзгенің сезімі туралы аз ойланады.
Шаян
Шаяндардың көңіл-күйі өте құбылмалы келеді. Егер сіз олардың шамына тисеңіз, бұған өткір қарайтыны анық. Бұл жұлдызнама белгісінің эмоциясы өзін басқа қырынан көрсетуге жол ашады.
Арыстан
Арыстанның ең қауіпті тұсы – оның селқос агрессиялылығы. Олар мықты әрі батыр болып көрінгенімен, олардың да қараңғы жағы баршылық, бұл сенімсіздік, қолдауды қажет ететіндігі және жалғыздық қаупі. Олар көпшілік адамның назарына мұқтаж.
Бикеш
Бикештерге нақтылық, дәлдік тән. Егер олар біреуді өлтіретін болса, бәрін бүге-шігесіне дейін ойластырады. Бикешті бір қылмысқа кінәламас бұрын, кінәлі анық өзі екендігіне көз жеткізіп алу керек.
Таразы
Олар өз сезімдерін іште сақтайды, алайда бір күні ол сезімдер сыртқа шығып, жарылуы әбден мүмкін. Таразының қолынан ненің келетіндігін ешкім де көз алдына елестете алмайды. Бұл жұлдызнама белгісінің эамоционалды күйзелісі өте қатты, мұндай кездері олар айналасындағы адамдарды ренжітуі мүмкін.
Сарышаян
Сарышаянның қауіпті тұсы - кек алу. Ол тосыннан соққы беруі үшін оңтайлы сәтті күтетіні анық. Олар кешірім сұралса да, ренішті ұмытпайтын жандар.
Мерген
Мергендерде әдептілік сезімі жоқ. Олар өз серіктесіне тұрпайы мінезімен жекіп, досына қатты ауыр сөздер айтуы мүмкін. Ол өзін бірбеткеймін деп сезінеді, алайда ол өзгені қандай күйге түсіретіндігін әсте ойламайды.
Тауешкі
Тауешкінің ең қауіптілігі - эмпатияның болмауы. Көңіл-күйге келгенде өте салқын әрі тұйық. Егер сізге қаражат керек болса, ол соманы тауешкіден сұрамаңыз, берудің орнына ол сізге қаражатты қалай ұстау керектігі және айналаңдағы адамды мазаламау туралы дәріс оқып бере алады.
Суқұйғыш
Суқұйғыш жалпы суреттемені көруге қабілетсіз. Егер әлдекім не әлдене қазір пайдалы болмаса, бұл зат не адамда суқұйғыштың шаруасы жоқ. Бұл жұлдызнама белгісіне бәрін қойып, дәл қазіргі сәтте нәтиже алу маңыздырақ.
Балықтар
Балықтардың ең қауіпті жері – зиянды әдеттерге үйір екендігі: ішімдік, шылым, құмар ойындар, тамақты шамадан артық жеу. Балықтар бір нәрсені істегісі кеп тұрса, өзіне ләззат алудан шектеуді ешқашан қоймайды.
Дереккөз: Flytothesky.ru